• Басты
  • Ақмола облысы құс етінің 30 пайызын өндіреді
18 Қазан, 2019 12:40

Ақмола облысы құс етінің 30 пайызын өндіреді

Бурабайда «Дамудың жаңа аумағы: Макинск» атты бизнес-форум өтті. Қазіргі уақытта мемлекет Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дамуына үлкен көңіл бөледі. Бұған барлық тарап – мемлекет те, бизнес те мүдделі. Қазақстанда, соның ішінде Ақмола облысында соңғы жылдары мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде ілгерілеу бар. Мәселен, форумда Ақмола облысы құс етінің 30 пайызын өндіретіні белгілі болды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Ақмола облысы құс етінің 30 пайызын өндіреді

Соңғы жылдары сиыр етін өндіру – 477 мың тоннаны құрады. Бұл ішкі сұраныстың 98 пайызы, қой еті – 150 мың, шошқа еті – 86 мың тонна. 2018 жылдың қорытындысы бойынша сиыр етін экспорттау үлесі 19,9 мың тонна, қой еті 3 мың, шошқа еті 400 мың тоннаны құрады. Құс еті бойынша былтыр 191 мың тонна ет өндірілсе, қосымша 146 мың тоннасы импортталуда.

Қазіргі таңда «Aitas KZ» АҚ салада көш бастап тұр. Компанияның жалпы қолданыстағы нарық үлесі 10 пайыз және жергілікті өндірушілер арасында 17 пайызды құрайды. 2018 жылы іске қосылған жаңа Макинск құс фабрикасы биылдың өзінде 50 мың тонна ет өндіруді жоспарға қойған. Алдағы 3-4 жылда өндіріс көлемін 150 мың тоннаға жеткізбек.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласы қарқынды дамып келе жатқан өңірдің бірі екенін айтып, даму әлеуеті жоғары екенін атап өтті. 

photo5282939615692565369.jpg

"2014 жылы Макинск қаласында құс фабрикасын салу шешімі қабылданған соң, өңір жаңа деңгейге шықты. Орталық Азиядағы ірі құс фабрикасының құрылысы жылына 55 тонна құс етін өндіру өңірге 46 млрд теңге инвестиция құюға мүмкіндік берді. 900 жуық жұмыс орны ашылды. Бүгінде құс фабрикасы шағын және орта бизнеске жаңа нысандарды ашу арқылы серпін берді. Сонымен қатар, біз үшін бұл өте маңызды жоба. АӨК саласын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді ",-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, облыс әкімі өңірдегі тауар өндірушілер тек аймақтың қажеттілігін ғана емес, жақын аймақтарды да қамтып отырғанын айтты.

"Бүгінде біз мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Сонымен қатар, биыл 6 мың ірі қараны австралия,Чеxия, Ресейден енгіздік. Оған қоса, өңірде шошқа етін өндіру бойынша тағы бір жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның қуаттылығы 5 мың тоннаны құрап отыр", - деді ол.

Өз кезегінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев өткен жылы желтоқсан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрлігіне экспорттың әлеуетін арттыру жұмыстарын жүктегенін айтты. 

photo5282939615692565370.jpg

"Елбасы елорда аймағында азық-түлік белдеуін құру бойынша тапсырма орындалып жатыр. Бірінші кезекте ол - Ақмола облысы аталған тапсырманы орындау барысында құс етінің импортын толық қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан жылына 3 мың тонна құс етін пайдаланатыны құпия емес. Өзінің қажеттілігін тек 54 пайызға ғана жауып отыр. Бұл елге өзге елдерден кіретін тауарлардың импортты азайтатыны белгілі. Ал Макинск құс фабрикасы бұл қажеттілікті бірден қысқартуға ықпал етті. Шикізатқа келетін болсақ,Қазақстан Тәуелсіздік жылдары 300 млрд теңге инвестиция тартты. 2018 жылы 28 млрд теңге инвестиция тартылды . Халықаралық валюта қоры мен Азиялық даму банкінің 2019 жылға деген болжамы қуантпайды. Олар 3 пайыз өсім болатынын айтып отыр.",-деді вице-министр.

Сондай-ақ, вице-министр 2025 жылға дейін экономикалық өсімді арттыру қажеттігін атап өтті.

"Экономиканы дамыту үшін қаржыландыру керек. Қаржыландыру үшін инвестиция тарту керек болады. Сыртқы істер министрлігі,Ұлттық аомпаниялар мен құзыретті органдар үлкпн жұмыс атқарып отыр.Бүгуноі таңда инвестициялық климатта үш деңгейлі жүйе құрып отырмыз. Ол шетелдегі қазақстандық елшіліктер мпн консулдықтары, орталық деңгейіндегі министрліктер, ішкі деңгейде әкімшіліктер. Шетелден инвестициялар тартқан кезде де өңірлерге жібереміз, ал өңірлерде ол бойынша жұмыс жасалмаса,көмек берілмее инвестиция тарту жөнінде әңгіме айту мүмкін емес. Экономиканың өсімін 5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Яғни, декомпозиция. 2018 жылы біз 24 млрд доллар тарттық, 5 жыл көлемінде бұл санды 34 млрд долларға көтеруіміз керек. Оны қай сала, қай кешен, жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс істеуіміз қажет", - деді вице-министр.

Ал инвестиция тарту мен дамуда Макинсктің әлеуеті зор екенін «Aitas KZ» АҚ бас директоры айтып өтті.

«Дамудың жаңа аумағы: Макинск» форумы бір алаңда мемлекет пен бизнес арасында диалог құру мақсатында ұйымдастырылды. Бүгінгі талқылаулар өз кезегінде саладағы олқылықтарды көрсетіп, қордаланған түйткілдердің шешімін табуға түрткі болды. Әсіресе, біздің өңірді дамытудағы ортақ жұмыстар қызықтырды. Инвестиция тарту мен дамуда Макинсктің әлеуеті зор. Өткен жылы жасаған жұмыстарымыз соған бірден-бір дәлел»,-деді «Aitas KZ» АҚ бас директоры Серік Толықпаев.

Сондай-ақ,бизнес-форум барысында Ақмола облысының әкімдігі мен «Aitas KZ» АҚ 5 жыл бойы Макинск аймағында ет кластерін дамыту бойынша меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, форум барысында нақты айтары бар спикерлер жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, ет кластерінде кездесетін қиындықтар, қой, құс етін өндіру және сатуды ұйымдастыру, халықаралық байланыс және басқа да мәселелерді талқыға салды. 


Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды