• Басты
  • А.Әміртай: Билік халықпен байланыс орнатқысы келсе, қазақ тілділерді тыңдай білуі керек
17 Ақпан, 2020 12:59

А.Әміртай: Билік халықпен байланыс орнатқысы келсе, қазақ тілділерді тыңдай білуі керек

Елордада Еуразиялық интеграция институты "Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: талдамалық зерделеу" сараптамалық баяндамасының таныстырылымы өтті. Жиынға қатысып, пікір білдірген саясаттанушы Азаматхан Әміртай биліктің халықпен байланыс орнатқысы келсе, қазақ тілділерді тыңдай білуі керек екенін баса айтты, деп хабарлады Staretegy2050.kz тілшісі. 

А.Әміртай: Билік халықпен байланыс орнатқысы келсе, қазақ тілділерді тыңдай білуі керек

Саясаттанушы өз кезегінде тіл мәселесінің өзектілігіне тоқталды. 

"Тіл мәселесі қоғамды күрделі мәселелірдің бірі. Тілді дұрыс деңгейге көтермейтін болсақ, қоғамдағы шиеленістер көбейе түседі. Тілімізді сыламағаны - халқымызды сыйламағаны. Қазақ тілді азаматтардың саны өсіп келе жатыр. Объективті түрде қарайтын болсақ, ауылдық жерлердегі орыс мектептерінің бәрі жабылып қаллды. Себебі сабақ беретін мұғалімдердің жоқ. Билік халықпен байланыс орнатықысы келсе, қазақ тілділерді тыңдай білуі керек", - деді ол.

Сонымен қатар оның сөзінше, Қордайдағы жағдайдың ушығып, осындай дәрежеге жетуіне қазақ тілінің де қатысы бар. Ол осыған қатысты дұңғандардың тұрып жатқан елдің тілінде сөйлемеуі - жағдайды одан әрі шиеліністерінін атап өтті. 

"Қордайдағы проблема бұрыннан бар. Бұрыннан айтылып келе жатқан мәселе. Кішкентай ғана ауыл, алайда қазақ тілінде сөлемейді. Мектептерінің бәрі орыс тілінде, өздері дұңған тілінде сөйлейді. Ал қазақ тілінде жоқ. Әрине, біздің халқымызды да түсінуге болады. Қазақстанда тұрып, сол елдің тілінде сөйлемейді. Бұның бәрі мәселені одан әрі шиеленістіреді. Ел болып қалыптасу үшін тіл мәселесін ең басты орынға қою керек", - деді саясаттанушы.

Сонымен қатар Азаматхан Әміртай жергілікті құқық қорғау органдары мен әкімшілікті сынға алды. Оның айтуынша, егер әкімшілік пен құқық қорғау органдары тығыз жұмыс істегенде, қақтығыстың алдын алуға болар еді. 

"Елімізде проблема жеткілікті. Қордайдағы жағдайдан не түйдік біз? Қордайдағы оқиға бізге құқық қорғау органдарының жемқор екендігін көрсетті. Бәрі сатылған. Мәселен, ақпарат облыс әкіміне жетпеген. Ұлттық комитет пен милиция не қарап отыр?! Бізді тыңдағанша, халықты неге тыңдамайды? Облыс әкімдігіне ақпарат дер кезінде жеткенде, қақтығыстың алдын алуға болушы еді. Құққық органдары жұмысты дұрыс атқармады. Әкімішілік тек экономикалық мәселелерге көңіл бөліп, идеологиялық мәселелерге назар аударған жоқ. Мұндай мәселе Қазақстанның әр өңірінде бар", - деді саясаттанушы.

Сондай-ақ ол Қордайдағы қақтығыстан мән-жайды білу үшін аймаққа барғанын тілге тиек етті. Сапар барысында ол жергілікті биліктің халықпен санаспайтынына көз жеткізгенін айтады.

"Қақтығыс болған кезде біз де барып қайттық. Сөйтіп Қаракемерде сағат 4-те жиналыс болу керек еді. Халықтың барлығы жиналды. Ақсақалдарға дейін келді. Мен сағат 3-те барып азаматтармен сөйлесіп, мән-жайды білдім. Ал сағат 4-те келуі керек комиссия бір сағаттан кейін келді. Өзі ашулынап отырған одан сайын ашуға мінді. Халықты сыйламайтын биліктің қандай қажеті бар бізге? Ертесіне қайтыс болған жігіттің жаназасы өтті. Мен қатыстым, алайда әкімшіліктен бірде-бір адам келген жоқ. Міне, бұдан билік өз халқын менсінбей отыр деген қорытынды шығаруға болады. Ұлттық сенім кеңесі осы мәселелерді шешіп, екі арада көпір болуы үшін құрылды", - деді Азаматхан Әміртай. 

Сонымен қатар Азаматхан Әміртай аймақтардағы проблемаларды да айналып өтпеді. Оның сөзіне сенсек, жергілікті жерлердегі әкімдер халқын менсінбейді әрі тыңдай білмейді. Сол себепті жергілікті мәслихаттардың жұмысын одан әрі дамыту керек деген ұсыныс айтты.

"Аймақ мәселесі өте өзекті болып отыр. Мен аймақтарға барып жүрмін. Ол жақтағы мәслихат та, әкімшілік те халықты тыңдап отырған жоқ. Ешқандай әкім халықты менсінбейді. Себебі мәслихат пен әкімшілікке кәсіпкерлер мен зейнеткер шенеуніктерді қойып қойған. Парламенттен де қиын ол жердегі жағдай. Аймақтардағы халықтың жағдайын жақсарту үшін аймақтардағы мәслихаттарды көтеруіміз керек. Мәслихат арқылы жергілікті әкімдерді бақылауға алу қажет. Осы кезде дамимыз біз. Мәслихаттардың жұмысын жандандыруымыз керек", - деді Азаматхан Әміртай. 

Бұдан бөлек ол болашақ парламентте оппозицияның міндетті түрде болуы керек екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, Ұлттық сенім кеңесінің мақсаты - оппозицияның болуын, дамуын қамтамасыз етуі болу қажет. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды