• Басты
  • A.Марс: Үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді
29 Мамыр, 2020 12:33

A.Марс: Үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді

Үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Қазақстанда шегірткеге қарсы күрес жағдайы жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы  Алмабек Марс айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

A.Марс: Үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді
"Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" РММ болжанатын мәліметтеріне сәйкес 2020 жылы 554,0 мың гектар алаңда үйірлі шегіртке зиянкестері, оның ішінде итальяндық прус – 295,9 мың гектар, азиялық шегіртке – 164,2 мың гектар және мароккалық шегіртке – 93,9 мың гектар алаңда таралуы мүмкін. Бұдан басқа, саяқ шегіртке зиянкестерінің таралуы 266,8 мың га алаңда болжанып отыр. Үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресу үшін республикалық бюджеттен 1,0 млрд.теңге бөлінді. Аталған қаражат пестицидтер мен химиялық өңдеу бойынша қызметтерді болжанып отырған барлық алаңға сатып алуға мүмкіндік берді. Саяқ шегірткеге қарсы күрес жүргізу үшін жергілікті бюджет қаражатынан 555,1 млн теңге бөлінді", - деді ол.


Сонымен қатар оның айтуынша, орталық қоймада шегіртке зиянкестерімен күресу үшін жалпы ауданы 525,3 мың гектар алаңға 47,5 мың литр көлемінде пестицидтер қоры бар, бұл шегіртке зиянкестері болжамының 95% - ын құрайды.

"Үйірлі шегірткеге қарсы тиімді өңдеу жүргізу үшін пестицидтердің әртүрлі топтарының препараттары (имидаклоприд, хитин синтезінің ингибиторлары, фосфорорганикалық қосылыстар, перитроидтер және биологиялық препараттар негізінде) сатып алынды. Өңдеуге 148 бірлік арнайы бүріккіш техника тартылды, химиялық өңдеу қызметтерін сатып алу бойынша қажетті конкурстық рәсімдер аяқталуда, жер үсті бүріккіштері мен газ генераторлары бойынша шарттар жасалды", - деді комитет төрағасы.


Алмабек Марстың сөзінше, министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп, облыстар әкімдерінің орынбасарлары басқаратын өңірлерде жедел штабтар құрылды және мониторинг және химиялық өңдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіткен.

"Шегірткелердің ошақтарын анықтау үшін 570 бірлік автокөлік және GPS навигаторлар, GPS трекерлер, планшеттер пайдаланылып және 1224 тексеруші тартылып 38,3 млн гектар зерттелетін болады. Көршілес мемлекеттермен (ҚХР, РФ, РУ) шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерін анықтау үшін бірлескен зерттеулер жүргізілетін болады", - деді ол. 


Сондай-ақ комитет төрағасы 2019 жылдың желтоқсан айында Бейжіңжн ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың ақпан айында РФ Ауыл шаруашылығы министрлігімен шекаралас аумақтарда шегірткеге қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық кеңестер өткенін атап өтті. 

"2020 жылы шекара маңындағы облыстарда үйірлі шегірткелер бойынша 19,6 млн. га алаңда, саяқ шегірткелер бойынша – 1,2 млн га алқапта зерттеулер жүргізілетін болады, оның ішінде Ақтөбе облысында үйірлі шегірткелер бойынша – 4,03 млн га, саяқ шегірткелер бойынша - 0,17 млн га және Батыс Қазақстан облысында жоспар бойынша үйірлі шегірткеге - 4,27 млн га, саяқ шегірткеге – 0,33 млн га. Жалпы, шегірткелерге қарсы күрес мәселесі ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында", - деді Марс Алмабек.


Оның сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта марокка шегірткесіне қарсы химиялық іс-шаралар Жамбыл және Түркістан облыстарында аяқталуда.

"2020 жылғы 28 мамырдағы жағдай бойынша 1 684,7 мың га зерттелді, қоныстанғаны 151,285 мың га, өңдеуге жататыны 67,4 мың га, өңделгені 66,72 мың га немесе болжанатын көлемнің 71,09 %. Зерттеу және өңдеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарында итальяндық прусқа қарсы қорғау шараларын өткізуге кірісті. 2020 жылғы 28 мамырдағы жағдай бойынша 1 276,74 мың га зерттелді, қоныстанғаны 93,91 мың га, өңдеуге жататыны 18,45 мың га, өңделгені 11,83 мың га немесе болжанатын көлемнің 4,0%", - деді комитет төрағасы.


Бұдан бөлек ол басқа аймақтарда шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтарының анықталуына қарай химиялық өңдеу басталғанын атап өтті. 

"Сонымен қатар, қазіргі уақытта Африка соңғы 25 жылдағы ең ірі шегірткенің көшуін бастан кешкенін атап өту қажет. БҰҰ-да жәндіктердің белсенділігі егін мен жануарлардың өлуіне және көптеген елдерде жаппай аштыққа әкеледі деп қауіптенеді. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметтері бойынша, шегірткенің шапқыншылығы Африканың көптеген аймақтарында аштықтың себебі болуы мүмкін. Эфиопия мен Сомалиде жәндіктердің ірі шабуылдары 25 жылдан астам уақыт болған жоқ, қазіргі кезде осы елдердің барлық күштері дәл осы проблеманы шешуге шоғырланған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы шегірткелердің бұрын-соңды болмаған шабуылын Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан және оңтүстік-шығыс Азияның басқа елдері бастан кешуде", - деді ол.


Сонымен қоса ол ғалымдардың пікірі бойынша, 2020 жылы шегірткенің толқуынан туындаған мәселелер апаты кең ауқымға ие болуы мүмкін екенін атап өтті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды