- Басты
- А. Маминнің Қарағанды облысына жұмыс сапары: жаңа өндіріс орындары мен инфрақұрылымдық жобалар
А. Маминнің Қарағанды облысына жұмыс сапары: жаңа өндіріс орындары мен инфрақұрылымдық жобалар
Үкімет басшысы «Сарыарқа» АЭА-ға барып, онда «Steel Manufacturing» ЖШС патрон зауытының бірінші кезегін іске қосты.
Сонымен қатар А. Мамин «Seven Refractories Asia» ЖШС отқа төзімді материалдар шығаратын зауытының қызметімен танысты. Жобаға салынған инвестиция көлемі 1,7 млрд теңгені құрады, 70 жұмыс орны ашылды. Зауыт қызметкерлері Еуропада оқудан өткен. Өндірістік қуаттылығы — жылына 38 мың тонна өнім, негізгі көлемі Ресей мен Қырғызстанға экспортталады, сондай-ақ «Арселор Миттал Теміртау» АҚ кәсіпорындарына жеткізіледі.
Премьер-Министр жыл сайын жалпы көлемі 120 мың тонна болат және шойын өнімдерінің 900-ден астам өнім түрін шығаратын «Qaz Carbon» ЖШС құю зауыттарының бірлестігіне барды. Зауытта 1200-ден астам адам жұмыс істейді.
А. Мамин жаңа ферроқорытпа зауыты мен көмір байыту фабрикасының құрылысымен танысты. Инвестицияның жалпы көлемі 36,2 млрд теңгені құрайды, жобаларды іске асыру құрылыс кезеңінде 1 700-ден астам, ал оны пайдалану кезеңінде 510 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жаңа өндірістер жыл сайын 57 мың тонна ферроқорытпа, 240 мың тонна агломерат және 1,7 млн тонна күлі аз, байытылған көмір шығаруға жол ашады. Екі жоба қоршаған ортаны қорғаудың заманауи талаптарына сәйкес келеді.
Үкімет басшысы Қарағанды қаласының автожол, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымын жөндеу және салу жобаларының, оның ішінде Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында іске асырылуын тексерді.
А. Мамин «Global City» көтерме-тарату орталығында (КТО) болып қайтты, оны биыл жазда пайдалануға беру көзделген. Ауданы 60 га КТО (2023 жылға қарай 100 га дейін кеңейтіледі) құрылыс жұмыстары мен оны пайдаланудың барлық кезеңдерінде 5 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді және «Солтүстік ‒ Оңтүстік» желісі бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің ағынын қамтамасыз ете отырып, ҚР ұлттық тауар өткізу жүйесіндегі ең ірі нысанға айналады.
Қарағанды облысының Саран қаласында «Yutong» маркалы автобустар мен арнайы мамандандырылған техника шығаратын зауыт салынады. ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің өңірге сапары аясында тиісті меморандумға қол қойылды. Инвестиция көлемі шамамен 23 млрд теңгені құрайды, 1 100 жаңа жұмыс орны ашылады, жылдық жобалық қуаттылығы — 1 200 автобус және 500 дана арнайы техника. Бұл ҚР ішкі нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өнімдерді ЕАЭО елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді.
-
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі
-
Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады
-
Әскерге шақырту қағазы SMS түрінде жіберілмек
-
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ
-
Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидалары қашан күшіне енбек
-
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм отандық кинопрокатқа шықты
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Темекі өнімдерін таңбалау көлеңкелі экономиканы азайтады
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды

