- Басты
- Жаңалықтар
- А. Мамин С. Коэмен кездесу өткізді
А. Мамин С. Коэмен кездесу өткізді
«Спорттың, оның ішінде жеңіл атлетиканың танымалдылығын арттыру біздің саясатымыздың маңызды бағыты. Қазақстанда 7 озық жеңіл атлетика орталығының құрылысы жүріп жатыр - Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Павлодарда, Ақтөбеде, Талдықорғанда, Атырауда және Өскеменде. Бұл осы спорт түрінің одан әрі таралуына ықпал ететін болады», - деді А. Мамин.
Бүгінде 20 мыңнан астам қазақстандық жеңіл атлетикамен айналысады, оның ішінде 11 мыңы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде оқиды, 600-ден астамы кәсіби спортпен шұғылданады. Қазақстан 1993 жылдан бері Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) мүшесі. Қазақстандық спортшылар 20-дан аса марапат иеленді, оның ішінде 2000 жылы Сиднейде алтын медальға (Ольга Шишигина) және 2012 жылы Лондонда алтын медальға (Ольга Рыпакова) ие болды.
Тараптар білікті жаттықтырушылар персоналын даярлауда, жеңіл атлетиканы бұқаралық спорт түрі ретінде танытуға және балалар арасында жеңіл атлетикадан жарыстар өткізуде ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Кездесуге Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Т. Құлыбаев, мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Д. Ахметов, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпиондары О. Шишигина және О. Рыпакова қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады