• Басты
  • А.Мамин моңғол компанияларын өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға шақырды
11 Қазан, 2019 12:46

А.Мамин моңғол компанияларын өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға шақырды


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Қазақстанға ресми сапармен келген Моңғолияның Премьер-Министрі Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстан-Моңғол бизнес форумының ашылуына қатысты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 
А.Мамин моңғол компанияларын өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға шақырды
«Қазақстан Моңғолиямен әріптестікті дамытуға үлкен мән береді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан-Моңғол қатынастарының ілгерілемелі дамуының негізі қаланды. Президент Қ. Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Моңғолиямен ынтымақтастықты тиімді дамытуға баса мән береді», — деді А. Мамин.

Сонымен қатар, А.Мамин бұл кездесу екі ел арасында кәсіпкерлік саласында ынтымақтастық орнатуға зор мүмкіндік беретінін айтты.

«Екіжақты сауда көлемін арттырып, екіжақты байланысты жаңа деңгейге көтеру қажет. Қазіргі таңда сауда қарқынды дамуда, одан әрі ұлғайтып дамыту әлеуеті зор. Кеше Премьер-Министрмен өткізген ресми кездесу барысында екіжақты әлеуетті толығымен жүзеге асыруға бағытталған нақты шаралар бойынша келісімге келдік», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, А.Мамин көлік-инфрақұрылым және логистика, ауыл шаруашлығы салаларында инвестициялық әріптестікті дамытуға болатынын айтты.

«Өткен жылдың өзінде жалпы тауар айналым 80 млн долларды құрады. Осы мақсатта біз өзара тауар айналымды дамытуды қарастырып отырмыз. Жалпы, биылғы жылы Қазақстан сыртқы сауда айналымының көлемі 100 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Биылғы маусым айынан бастап Scat әуе компаниясы екі ел астаналары арасында әуе қатынасын орнатты.Моңғолия әуе компаниясы Ұлан-Батор – Алматы қарым-қатынасын жүзеге асыратын болады. Бұл кәсіпкерлердің арасындағы байланысты нығайтуға, туризмді дамытуға жағдай жасайды», - деді ол.

Сонымен қатар, Премьер-Министр екі ел арасында көліктік-логистика саласын дамыту аса маңызды екенін атап өтті.

«Жалпы, бүгінгі таңда өзара тиімді бизнес ашу мен жүргізу үшін үлкен мүмкіндіктер жасалған.Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға құйылған шетелдік инвестициялар көлемі 300 млрд доллардан асты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тікелей инвестициялар көлемі 24,5 млрд болды. Инвестиция мен бизнес ахуалын арттырып келеміз», - деді ол.

Бұдан басқа, Премьер-Министр құрылыс материалдарын өндіру мен шығару әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

«Бұл ретте қазақстандық компаниялары Моңғолиямен бірігіп, инфрақұрылым жобаларын бірге іске асыра алады. Сіздерді өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз», - деді ол.

Өз кезегінде У. Хурэлсух Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары және нарықтық экономикаға көшкеннен кейін экономиканың тұрақты дамуы мен қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ете отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

«Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін елеулі мүмкіндіктер бар. Осы бизнес форум екі ел арасындағы іскерлік қатынастар мен экономикалардың дамуына серпін беретініне сенімдімін», — деді Моңғолияның Премьер-Министрі.

Айта кетейік, форумға 200-ден аса адам — екі елдің іскерлік ортасының, ұлттық компанияларының, экономика саласындағы министрліктер мен ведомстволардың өкілетті өкілдері қатысты. Форум қатысушылары өздерінің мүмкіндіктерін паш етіп қана қоймай, B2B (business-to-business) форматында әлеуетті серіктестермен жұмыс кездесулері мен келіссөздер жүргізді. 

   Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды