• Басты
  • А. Мамин мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
16 Наурыз, 2020 17:43

А. Мамин мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті. 

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу шаралары туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, экономиканы тұрақтандыру туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, ірі сауда нысандарының жұмысын шектеуге қатысты жағдай мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы, өңірлердегі ахуал туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, көлік саласы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, ақпарат және байланыс саласындағы жағдай туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, білім беру саласындағы ахуал туралы білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М. Әбілқасымова және Ұлттық Банк төрағасы Е. Досаев баяндады. 

Облыс әкімдері мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің коронавирустың таралуына жол бермеу және өңірлерде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалары тыңдалды. 

Үкімет басшысы барлық ұйымдар мен нысандарда санитариялық-эпидемияға қарсы шаралар өткізу, дәріханалар желісін дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтуді тапсырды. 

Ішкі істер министрлігі мен арнайы мемлекеттік органдарға коронавирустың таралуымен күресуге тартылған медициналық және карантиндік нысандарды қорғауды күшейту тапсырылды. 

«Сауда және интеграция министрлігі ірі сауда желілерімен және азық-түлік тауарларының жеткізушілерімен, сондай-ақ әкімдіктермен барлық қажетті өнімдер мен алғашқы қажеттілік тауарларын үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін пысықтауы тиіс», — деді А. Мамин. 

Премьер-Министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жоғары жылдамдықты интернеттің жұмыс істеуі мен қызметтерді барынша электронды түрде көрсетуді қамтамасыз етуді және қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшуді ынталандыруды тапсырды. 

«Әкімдер Мемлекет басшысының Төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығына сәйкес жергілікті жерлерде тыйым салынған және шектеу қойылған шараларды іске асыруды жеке бақылауға алуы тиіс. Барлық азаматтарға елдегі тұрақты жағдайды сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау үшін барынша күш салу қажет», — деп түйіндеді А. Мамин.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды