• Басты
  • А. Мамин мал шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
16 Қаңтар, 2020 16:38

А. Мамин мал шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді


ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мал шаруашылығын дамыту жөнінде кеңес өтті. 
А. Мамин мал шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Ірі қара мал басын көбейту және сиыр етінің өндірісін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, өңірлердің етті мал шаруашылығын дамыту бойынша әлеуеті туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров баяндады. 

Алдын-ала мәліметтер бойынша, 2019 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі еліміз бойынша 2306 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 12,5%-ға артық. 

Ірі қара мал (ІҚМ) басының саны 4%-ға 7,4 млн басқа, жылқы – 6,8%-ға 2,8 млн басқа, құстар – 2%-ға 44,3 млн басқа, қой – 2,7%-ға 16,9 млн басқа, түйе – 3,5%-ға 214,8 мың басқа, шошқа – 2,9%-ға 822,2 мың басқа көбейген.

Сойылған салмағындағы құс етінің өндірісі 16%-ға 223 мың тоннаға, сиыр еті – 5%-ға 501,4 мың тоннаға, жылқы еті – 4,3%-ға 132 мың тоннаға, қой еті – 0,8%-ға 152 мың тоннаға, шошқа еті – 0,3%-ға 86 мың тоннаға дейін өсті.

2019 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға және саланың өнімділігін арттыруға 115,7 млрд теңге қаржы бөлінді. 840 отбасылық ферма 82,2 мың ірі қара мал басын сатып алуға несие алды. 

2019 жылы желтоқсан айында «Tyson Foods» америкалық компаниясымен қол қойылған Қазақстандағы қазіргі агро-мультипротеин индустриясын дамытуға қатысу қағидалары туралы келісім етті мал шаруашылығын дамытуға зор серпін береді. Бірінші кезеңде ҚР-да өнімділігі тәулігіне 2 мыңға жуық мал басы болатын заманауи ет өңдеу кешенін салу жоспарланған. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, өнімдерді шетел нарықтарына экспорттайтын болады, осылайша, еліміздегі жылдық ауыл шаруашылығының түсімін $1 млрд-тан астамға қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. 

Кеңеске қатысушылар мал басының санын көбейту, оның өнімділігін арттыру шараларын, мал бордақылау алаңдарының жүктемеленуін қамтамасыз етуді және мал азығы базасын нығайтуды талқылады. 

Үкімет басшысы Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды