• Басты
  • А. Мамин: Үкімет зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді
5 Мамыр, 2020 09:58

А. Мамин: Үкімет зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басуына қатысты мәселе қаралды, деп хабарлады Strategy2050.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.



А. Мамин: Үкімет зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді

Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев баяндама жасады. 

Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бір бөлігі жарылып, су қоймасындағы су деңгейін төмендету үшін суды ағызу салдарынан Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара маңындағы коллекторлары суға толтырылды. Судың ағып кетуінің салдарынан Мақтаарал ауданының шекарасындағы коллектордан су төгіліп, 5 елді мекендегі 631 үйді су басты: Жаңа Тұрмыс – 46 үй, Жеңіс – 130 үй, Фирдоуси – 250 үй, Өргебас – 194 үй, Достық – 11 үй. Мақтаарал ауданында 3 600 га егіс алқабы зардап шекті, оның 85%-ы мақта егуге арналған. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы саны 30 581 адамды құрайтын 14 елді мекен эвакуацияланды.

ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Премьер-Министрдің орынбасары Р. Склярдің төрағалығымен Үкіметтік комиссия құрылды, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары кірді. 

«Комиссия бес ауылда – Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдарына келтірілген залалға шұғыл бағалау жүргізіп, одан соң инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын бастайды. Үкімет зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді», — деді А. Мамин.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды