- Басты
- А. Мамин Катар Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесті
А. Мамин Катар Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Катар Премьер-Министрінің орынбасары Хамад бин Абдулазиз әл-Каваримен келіссөздер өткізді.

«Катар ‒ Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси серіктесі. Біздің елдеріміз арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Н. Назарбаев пен Катардың жоғары басшылығы негізін салған сенімді әрі ашық саяси диалог орнаған. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Катармен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді», — деді А. Мамин.
Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті.
Елдер арасында визасыз режим орнаған, осы жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстер ашылады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта тұрақты рейстер аптасына 7 рет тек астаналар арасында ғана емес, сонымен қатар Алматы мен Доха арасында да ашылмақ, сондай-ақ, Қазақстанда енгізілген ашық аспан режимі аясында «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесімен аптасына 7 жүк рейсі орындалатын болады.
Тараптар туризм, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
-
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі
-
Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады
-
Әскерге шақырту қағазы SMS түрінде жіберілмек
-
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ
-
Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидалары қашан күшіне енбек
-
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм отандық кинопрокатқа шықты
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Темекі өнімдерін таңбалау көлеңкелі экономиканы азайтады
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды

