• Басты
  • А.Мамин Д. Рогозинмен кездесті
26 Қыркүйек, 2019 12:01

А.Мамин Д. Рогозинмен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Байқоңыр қаласының дамуымен танысып, «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен «Назарбаев старты» жобасын талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz.
А.Мамин Д. Рогозинмен кездесті | Strategy2050.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу жағдайымен және перспективаларымен танысты.

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Байқоңыр қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылау аясында Асқар Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған бес 50 пәтерлі үйлердің алаңына барды.

Премьер-Министрге қаланы газдандыру және сумен қамту, қонақ үй кешендерін салу және реконструкциялау, Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» АЭА құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлағандай, «Союз МС-15» пилотталатын кораблін ұшыруды бірлесіп бақылаған соң Үкімет басшысы ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен «Назарбаев старты» ғарыш зымыраны кешенін құрудың қазақстандық-ресейлік жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады. 

2019 жылы 7 қыркүйекте Мәскеу қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев пен РФ Президенті В. Путиннің кездесуі барысында ресейлік тарап «Бәйтерек» жобасын «Назарбаев старты» деп қайта атауды, сондай-ақ, оны тиімді іске асыру үшін «Союз-5» және «Союз-6» зымыран тасығыштарын ұшыру үшін бірегей стартты, сондай-ақ пилоттау бағдарламасын алып тастауды қарастыратын жаңа жағдайларды қарастыруды ұсынған еді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды