- Басты
- А. Мамин Азия даму банкінің президенті Т. Накаомен кездесу өткізді
А. Мамин Азия даму банкінің президенті Т. Накаомен кездесу өткізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Азия даму банкінің (АДБ) президенті Такехико Накаоны қабылдады.

«Қазақстан Азия даму банкіне қосылған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Биыл біздің нәтижелі ынтымақтастығымызға 25 жыл толды. Біз АДБ-ны Қазақстанда жүзеге асырылған жобалар саны бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының ішінде көшбасшылардың бірі болып табылатын стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз», — деді А. Мамин.
1994 жылдан бастап АДБ Қазақстанда қаржы, инфрақұрылым, энергетика, коммуналдық қызметтер секторы және басқа салаларды дамыту бойынша мемлекеттік жобаларды іске асыру үшін $5,1 млрд астам қарыз қаражатын бөлді. Бүгінгі таңда жалпы құны $3,8 млрд құрайтын 30-ға жуық жоба толықтай жүзеге асырылды.
АДБ $49 млн-ға көлік және ауыл шаруашылығы кешендері, білім беру, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнесті дамыту және басқа салаларда 100-ге жуық техникалық көмек жобаларын қаржыландырды. Көлік және коммуналдық секторларды, мал шаруашылығын және т.б. салаларды жаңғырту бойынша жеке сектор жобаларын іске асыруға $628 млн астам қаражат бөлінді.
Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы және «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылды дамытуды қолдау, тұрғын үй құрылысы, туризм және ҚР экономикасының басқа да салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Т. Накао АДБ аясындағы Орталық Азияның аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырудағы Қазақстанның елеулі үлесін және Дамуға ресми көмек бағдарламасына донор ретінде белсенді қатысуын атап өтті.
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
-
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі
-
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
-
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек
-
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі

