• Басты
  • А.Мамин Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын тексерді
6 Мамыр, 2020 09:24

А.Мамин Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын тексерді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын тексерді,деп хабарлады Strategy2050.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


А.Мамин Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын тексерді

Үкімет басшысы жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын «Қарағанды – Балқаш» автожолының реконструкциясымен танысты. Жөндеу жұмыстарына 1800 жұмысшы мен 900-ге жуық техника тартылған. 

Биыл барлық жол бойындағы жаңа жабыны бойынша жол қозғалысын ашуды қамтамасыз ету, сондай-ақ 297 су өткізетін құбыр, 17 көпір, жол айрығында екі жолөткел және ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 33 жолөткел салу жоспарланған. 

Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында  жол құрылысы жұмыстарымен барлығы 800 шақырымнан астам жол қамтылатын болады. 

Премьер-Министр жол құрылысы жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды және құрылатын жол инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. 

Балқаш қаласында А. Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік тұрғын үйдің салыну барысымен, сондай-ақ әуежайды реконструкциялау және өңірдің туристік әлеуетін арттыру жобасымен танысты. 

Сонымен қатар Үкімет басшысы «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытына барды, онда өндіріс процесімен және кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарымен таныстырылды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды