• Басты
  • А.Мұхамбетов: Нан бағасын ұстап тұру үшін қосымша қаржы бөлінді
5 Желтоқсан, 2019 13:29

А.Мұхамбетов: Нан бағасын ұстап тұру үшін қосымша қаржы бөлінді

Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қсымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Мұхамбетов: Нан бағасын ұстап тұру үшін қосымша қаржы бөлінді

"Бірінші сұрыпты ұнның бағасы өсіп жатыр. Біздің облысымызда да осындай үрдіс жүрып жатыр. Соған байланысты жергілікті бюджеттен 300 млн теңге бөлінуде. Жалпы тұрақты өндіру қорына 1 млрд 92 млн теңге бөліп отырмыз. Ал бірінші сұрыпты ұннан жасалатын көлемі 600 грамдық нанның бағасын ұстап қалу үшін 300 млн теңге қаржы бөлдік. Себебі 8 аудан құрғақшылықтан көп зардап шекті. "Асал" деген ұн өндіретін кәсіпорынмен арнайы меморандумға қол қойдық. Бұл меморандумға 26 наубайхана қосылды. Қазір бағаны 83 теңгеден асырмай отырмыз. Алдағы 2-3 айда осы бағытта жұмыс істейміз, жағдай күрделеніп кетсе, тағы қосымша қаржы бөлуге дайынбыз. Бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар шара қабылданып жатыр", - деді өңір басшысы өз баяндамасында. 

Сонымен қатар облыс әкімі ауыл шаруашылығының аймақ экономикасының негізгі бағыты екендігін атап өтті. 

"Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының негізгі бағыты болып табылады. Оның жалпы өнімдегі үлесі 11,2 пайызды құрайды. Салада 125 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың 26 пайызы. Егін жинаудың қорытындысы бойынша біз 3 млн тонно астық жинадық. Жиналған астық көлемі біріншіден шаруашылықтарға бірінші кезектегі қажеттіліктерді жабуға, мал қыстатуды жүргізуге, алдағы жылдың егіс жұмыстарына дайындалуға мүмкіндік береді", - деді Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ ол облыстағы азық-түлік экспортына тоқталды. Оның сөзіне сүйенсек, биыл азық-түліктің экспорт көлемі 115 млн 400 долларды құраған.

"Жалпы азық-түлік экспортының көлемі 2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша 115 млн 400 долларды құрап отыр. Республика көлемінде біздің бір облыстың үлесі 16,9 пайыз. Бұл едәуір жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар өнімдер түрінің де экспорты артты. Мәселен, сүт 28,7 пайызға, макарон өнімдері 20,5 пайызға, жұмыртқа 2,1 пайызға, көкөністер 5 есеге өсті. Облыс бойынша 400 жұмыс орнын құратын барлығы 21 млрд теңгенің 13 жобасы қазір енгізіліп, іске асырылуда. Мұның барлығы ауыл шарушылығы саласында", - деді облыс басшысы.

Бұдан басқа облыс әкімінің айтуынша, 2019 жылы аймақтың көлік инфрақұрылымын дамытуға 37 млрд 300 млн теңге жұмсалған. 

"Облыстың автомобиль жолдарының желісі республика бойынша ең ұзын автомобиль жолдарының қатарына жатады. 9300 шақырым, оның 85 пайызы мемлекеттік маңызы бар жолдар. Ағымдағы жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 37 млрд 300 млн теңге жұмсалды. 2018 жылмен салыстырғандағы өсімі 12 пайыз. Бұл 565 шақырымнан астам автожолды жөндеуге және қайта жаңғыртуға мүмкіндік берді. Тек облыс орталығындағы жолдарды жөндеуге біз 7,7 млрд теңге қаржы жұмсап отырмыз. Бүгінгі күні жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 68 пайызға дейін өсті", - Архимед Мұхамбетов.

Сонымен бірге өңір басшысының айтуынша, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де жақсы жолға қойылған. Оның сөзіне сүйенсек, биылғы жылдың соңына дейін 330 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.

"Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауымызда. "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде соңғы 4 жылда 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, халыққа пайдалануға берілді. Бұл салаға 100 млрд теңге инвестиция салынды. 10 мыңнан астам отбасы жаңа пәтермен қамтамасыз етілді. Жылдың басынан бері 281 мың 600 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оған 24 млрд 800 млн теңге инвестиция салынды. Жыл соңына дейін 330 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз", - деді Мұхамбетов.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды