• Басты
  • А.Мұқибек: Ұлттың атында қоғамдық ұйым болмауы керек
12 Ақпан, 2020 13:46

А.Мұқибек: Ұлттың атында қоғамдық ұйым болмауы керек

Елордада Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған "Ұлттық кеңес. Ұлтық ынтымақ пен ықпалдастық аясындағы Абай тағылымы" тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. Жиынға қатысқан қоғам қайраткері, Ұлттық кеңестің мүшесі Ауыт Мұқибек ұлтаралық қатынастарды реттеу үшін бірнеше ұсыныс айттты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Мұқибек: Ұлттың атында қоғамдық ұйым болмауы керек

Ұлттық кеңестің мүшесі Ауыт Мұқибек елдегі ұлттар арасындағы қарым-қатынасты реттеу үшін қоғамдық ұйымдар туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды.

"Қазір бізде қоғамдық бірлестік, қоғамдық ұйымдар көбейіп кеткен. Мәселен, Қазақстанда дүнген бірлестігі, ұйғыр мәдениет орталығы деген этностардың атына құрылған ұйымдар көп. Осы ұйымдардың атын жоғалтуымыз қажет. Ұлттардың атында қоғамдық ұйым, қоғамдық бірлестік болмауы керек. Біздегі қоғамдық бірлестіктер туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынғым келеді", - деді қоғам қайраткері.

Оның айтуынша, тіл деген  жай ғана адамдардың қарым-қатынас құралы емес, тіл дегеніміз - тұтас ұлт.  

"Осы болып жатқан кемшіліктердің барлығы кеңес одағынан. Бізге көп нәрсені бұрмалап түсіндірді. Мәселен, тілді адамдар арасындағы қатынас құралы деп деңгейін төмендетіп жіберді. Ол дұрыс емес. Тіл - ұлт. Қазақ тілі - қазақ ұлты.  Сонымен қатар "ұлтшылдық" деген сөзді жеккөрінішті етіп көрсетті. "Ұлтжанды" деген сөзді ойлап тауып, "ұлтшылдықтан" қашып жүрміз. Ұлтшылдық дегеніміз - өзінің ұлтын жақсы көру. Мен ұлтшылмын, бірақ басқа ұлттың баласына барып әңгіме айтып көрген адам емеспін. Қай дүкенге, қай сауда орнына барсам, алдымнан орыс тілі шығады. Мен ешқайсысына жекіріп, айқайлап сөйлеген емеспін. Мен түсінбеймін десем, олар сөйлей бастайды. Сол себепті ұлтшылдықтан қашпауымыз керек", - деді Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі.

Сонымен қатар қоғам қайраткері өз сөзінде "көпұлтты мемлекет" дегеннен бас тарту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар қазақтың мемлекет құраушы ұлт емес, мемлекеттің иесі екендігін баса айтып өтті. 

"Көпұлтты мемлекет дегенді де қоятын уақыт келді. Билік басындағы депутаттар, билік өкілдері көпұлттымыз дегенді айта бастады. Біз 70 пайыздан астық. Көпұлтты мемлекет дегенді қою керек. Бұдан былай этностар өзінің атымен аталуы қажет. Мемлекет құраушы ұлт дегенді таптық. Қазақ мемлекет құраушы ұлт емес, қазақ - мемлекеттің иесі. Қазақтың қарашаңырақ иесі екендігін басқаларға айтып түсіндіру керек. Егер Қазақстанда қазақ ұлтының мәртебесі биік болса, қазақ басқа этностарды қорғайды. Қазақ мықты болатын болса, олардың ешқайсысын қанаттыға қақтырмайды, жағдайы керемет болады. Бұрмаланған түсініктердің барлығын қайта қалпына келтіруіміз керек", - деді Ауыт Мұқибек.

Сондай-ақ қоғам қайраткері Қордайдағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Ассамблеяның орнына ұлтаралық қатынасты рететйтін басқа саяси инститіттар құрылуы керек.

"Кешегі Қордайдағы оқиғаға қатысты Ассамблеяны сынап жатқандар бар. Мен сынамас едім. Белгілі бір дәрежеде ұлтаралық қатынасты реттеуде оның рөлі болды. Бәрінің шегі болады, жарқырайтын да, бәсеңдейтін де кезеңі болады. Енді біз ұлтаралық қатынастарды сақтаудың жаңа бір институттарын қалыптастырып, іздей бастауымыз керек", - деді қоғам қайраткері.

Сонымен Ұлттық сенім кеңесінің мүшесінің айтуынша, ұлтаралық қатынастарды реттеудің бірден-бір жолы - аралас мектептерді жауып, тек қазақ мектептерін ғана қалдыру керек.

"Ұлтаралық қатынастарды сақтаудың тағы бір жолы - мектептердің беделін, мәртебесін көтеру керек. Мәселен, кешегі Қордайда орыс ұлтының өкілі жоқ. Алайда естуімше, онда 4 орыс мектебі бар екен. Оның не қажеті бар? Сондай-ақ 95 пайыз қазақ тұратын Қызылордада аралас меектептің қандай қажеттілігі бар? Оның барлығы қазақ мектебі болуы керек. Бірден іске асырмасақ та, біртіндеп жүзеге асыруымыз қажет", - деді ол.

Бұдан басқа қоғам қайраткері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайға көңіл бөлуін, Абайдың шағармашылығы арқылы жастарды тәрбилеуді қолға алуы құптарлық іс екендігін атап өтті. Сондай-ақ ол қазіргі кезде Қытайдағы аз ұлттарға көрсетіп отырған қиындықтарын сынап, Конфуций секілді ғұламаларын оқымауы салдарынан осындай күйге жетіп отыр деді.

"Біз Абайды оқуымыз керек, алайда Абай кейіпкерінің кейпін киіп қалмауымыз керек. Президентіміз өзінің мақаласында осы жөнінде басып айтқан. Мәселен, көрші қытай елі Конфуцийді оқымайды. Билікке келгендердің ешқайсысы оның атын атамады. Қазіргі төрағасы да оны мүлде оқымаған. Қазір қытай халқы соның кеселінен күйреуге бет алды. Олар сүйіспеншілік, адамгершілік секілді адами қасиеттерден жұрдай. Қазір аз ұлттардың бәрін қамап,  қиындық көрсетіп отыр. Ал Конфуциді оқыған адам ондай әрекетке бармаса керек. Ізгілікті бойына сіңірген адам ондай қылықтарға бармайды", - деп түйіндеді ол сөзін.
Назерке Сүйіндік
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды