• Басты
  • АӘК заңсыз пайдаланғандар тарапынан мемлекетке 156 млн теңге қайтарылды
7 Қазан, 2019 12:32

АӘК заңсыз пайдаланғандар тарапынан мемлекетке 156 млн теңге қайтарылды

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде 73 мыңнан астам жанұя табыстарын жасырған. Нәтижесінде, мемлекетке 156 млн теңге қайтарылып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысына қатысқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
АӘК заңсыз пайдаланғандар тарапынан мемлекетке 156 млн теңге қайтарылды

«Жекелеген азаматтар атаулы әлеуметтік көмектің кеңейтілген мүмкіндіктерін теріс пайдаланғаны туралы фактілер бар. Мәселен, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде 73 мыңнан астам жанұя табыстарын жасырып, атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалғаны анықталған. Жергілікті атқарушы органдар барлық жағдай пысықтап, нәтижесінде мемлекетке 156 млн теңге қайтарылып отыр», - деді министр.

Бұдан бөлек, сөз барысында министр Біржан Нұрымбетов атаулы әлеуметтік көмек алған көптеген отбасының табысы төмен санаттар қатарынан шыққанын атап өтті.

«Ағымдағы жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмек 417 мың отбасына немесе 2 млн 138 мың адамға тағайындалды. Барлық алушылардың жартысынан астамы көп балалы жанұялар. Бюджетте атаулы әлеуметтік көмекке 206 млрд теңге көзделген. Бұл шаралар көмекке мұқтаж отбасылар мемлекеттен нақты қолдау алып, көп отбасының табысы төмен санаттар қатарынан шығуға ықпал етті», - деді ол.

Сондай-ақ, жиын кезінде министр осыған дейін қолға алған шаралардың нәтижесіне тоқталды.

«2018 жылы біз атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін табысқа қойылатын өлшем шартты алғаш рет ең төменгі күн көріс деңгейінің 40 пайыздан 50 пайызға көтерген болатынбыз. Биыл 1 сәурден бастап кедейлік шегі 50 пайызлан 70 пайызға өсті. Сондай-ақ, табысы төмен отбасының әрбір баласына атаулы әлеуметтік көмек нақты 20789 теңге мөлшерінде белгіленді. Шартсыз ақшалай көмекті тағайындау мерзімі 3 айдан 6 айға, шартты ақшалай көмек 6 айдан 12 айға дейін ұзартылды», - деді министр.

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды