• Басты
  • АӘК-нің жаңа тәртіптері халыққа тиімді – сарапшы
7 Қазан, 2019 16:45

АӘК-нің жаңа тәртіптері халыққа тиімді – сарапшы


Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек берудің тәртіптері өзгеретінін айтты. Осыған орай бірқатар сарапшы өздерінің пікірлерін білдірген еді. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.

 


 АӘК-нің жаңа тәртіптері халыққа тиімді – сарапшы    | Strategy2050.kz
«Егер де бұл мәселе бізге қажетті, тиімді тараптан дамитын болса, өте ыңғайлы болатын еді. Ең бастысы біз барлығымыз не туралы айтып жүргенімізді, не қалайтынымызды түсінуіміз керек. Менің тәжірибемде айқындалмаған сұрақтар жиі кездеседі. Мәселен, бүгін маған бір қыз хабарласты. «Маған сіздердің көмектеріңіз қажет, бірақ қандай екенін өзім де білмеймін» деді. Осы сынды өз сұраныстарын түсінбеу белгілі бір проблемаларға алып келеді. Әрқайсымыз өзімізге не керек екенін түсінуіміз керек деп ойлаймын. Өзіңе қажеті «дүниені» нақты білетін болсаң, сұрақтарыңа да, сұраныстарыңа да қажетті жауап ала аласың», - деді «Амирам» қайырымдылық қорының жетекшісі Марина Чейшвили.

   Өз кезегінде «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» директоры Азат Шауеев Президент Жолдауында көпбалалы аналарға қолдау көрсетуді арттыру туралы айтқанын және оны жүзеге асыру бүгінде басталып кеткенін жеткізді.

   «Көпбалалы аналарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға кез келген мемлекетте қолдау көрсетіледі. Бізде де ондай бастамалар жетерлік. Бүгінгі енгізілген өзгеріс соның айғағы. Себебі, көпбалалы (4 баладан басталады) аналардың барлығына жаппай АӘК көрсетілетін болады. Үкімет пен мемлекет тарапынан осындай қолдау шараларын арттырған дұрыс. Себебі, балалар – еліміздің болашағы. Олар ертең ер жетіп, қоғам мен мемлекетті әрі қарай дамытуға атсалысатын болады. Халықтың әл-ауқатын арттыруға барынша көмек көрсету керек деп ойлаймын. Сол кезде ғана мемлекет пен халықтың арасында түсіністік қарым-қатынас болады», - деді ол.

  Айта кетейік, 2019 жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 415 647 отбасыға көрсетілген.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды