- Басты
- А.Көлгінов құрылыс компанияларының жұмысын сынға алды
А.Көлгінов құрылыс компанияларының жұмысын сынға алды

«Елбасы – «Nur Otan» партисының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия жұртшылықтың күнделікті мәселелерін шешу ісіне белсенді араласуға тиісті деп атап өткен болатын. Сондықтан да қоғамның өзекті сұраныстарына біз жедел жауап беруіміз қажет. Осы мақсатта қала тұрғындарымен тікелей байланысты құрылыс сапасы мен ПИК мәселелеріне қатысты мәселелерді шешуге жиналдық», - деді А.Көлгінов.
Сондай-ақ, қала әкімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс мәселесін күн тәртібінде ұстауды тапрсырғанын еске салды.
«Жыл сайын қаланың тұрғын үй қоры артып келеді. Өткен жылдың өзінде 140-тан астам көппәтерлі тұрғын үй салынса, биыл барлық пәтерді есептеген кезде жеке және мемлекеттік 35 мың пәтер салынды. Дегенмен, күннен күнге халықтың пәтер иелері кооперативінің жұмысына, құрылыс сапасына шағымданатындар да бар. «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының қалалық филиалына және әкімдікке осы мәселе бойынша 4 мыңнан астам шағым келіп түсті», - деді А.Көлгінов.
Сонымен қатар, Алтай Сейдірұлы тұрғындардан сапасыз құрылысқа қатысты келіп түскен өтініштер туралы нақты айтып өтті.
«Кейбір тұрғын үйлер жақында салынса да, жағдайы көңіл көншітпей отыр. Мәселен, «Шар құрылыс» компаниясы 2016 жылы салған тұрғын үйдің ауласы әлі абаттандырылмаған. Үш жыл бойы абаттандырушы әлі де барлық істі жөндеп тындырмаған. Қасбеті де орнатылмаған», - деді А.Көлгінов.
Сонымен қатар, қала әкімі көлік тұрақтарының да жағдайы мәз емес екенін, суреттердегі дәлелмен айғақтады.
«Бізде қыс ұзаққа созылады. Тұрғындар көліктерін тұраққа қояды. Алайда, олардың жағдайы көңіл көншітпейді. Жаңа салынған үйлердің өзінде шатырдан су кетіп жатыр. Су электр желілеріне де тиюі мүмкін, бұл өрт қауіпсіздігіне әсер етеді», - деді А.Көлгінов.
Қала әкімі бұл проблемалардың барлығын жиынға қатысып отырған құрылысшылар мен компанияларға тұрғындардың берген бағасын жеткізу үшін айтып отырғанын айтты.
«Барлық жетекшілер осы жерде отыр. Бұл сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесі, бағасы. Халық сіздердің жұмыстарыңызға қарап, бізге бағасын береді. Біз оны реттейтін боламыз. Келістік қой?», - деді А.Көлгінов.
Сонымен қатар, елорда әкімі лифтілердің жағдайы да мүшкіл екенін жеткізді.
« Мәселен, «Экодом» 8 қабаттық тұрғын үй. Өткен жылы пайдалануға берілді. 8 қабаттық үй, елестетесіздер ме? Онда зейнеткерлер мен балалар тұруы мүмкін. Осы сияқты проблема тағы 14 құрылыс нысаны бойынша кездеседі. Сондықтан да, бұл мәселеге аса маңыздылықпен қарауымыз керек. Біз бұл мәселені жеке бақылауға алып, дейінгі және кейінгі суреттермен салыстыратын боламыз», - деді А.Көлгінов.
Қала әкімі қаузаған тағы бір мәселе – өрт қауіпсіздігі.
«Бұл өте қауіпті әрі маңызды мәселе. Қала бойынша 150 тұрғын үйде өртке қарсы жаңа қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Салушы компания- «ПраймСтрой». Өрт шкафтарымен жасақтамаған. Сондай-ақ, автоматты өрт сигналдандыру орнатылмаған», - деді ол.
Сондай-ақ, қала басшысы елорда тұрғындарынан әкімдіктің ресми сайтына судың сапасына қатысты да арыздар келіп түсетінін айтты.
«Судың сапалы болу үшін жұмыс істейік», - деді А.Көлгінов.
Қорытындысында А.Көлгінов құрылыс компанияларынан олқылықтарды жоюды мерзім бойынша жүзеге асыруды тапсырды.
Аягөз Құрмаш
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма
-
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері
-
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
-
Антикор: Жыл басталған екі ай ішінде 48 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталды
-
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды
-
Экология министрі су тасқыны қаупінің алдын алу шараларын айтты
-
Елордада 1980 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды
-
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды
-
«Antikor Live»: Жыл басынан бері 28 лауазымды тұлға жемқорлықпен ұсталды – тергеуші
-
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады
-
М.Құрманбаев: Цифрландыру шараларын iске асыру барысында 8 iрi өндiрiс орнымен меморандум жасалды
-
«Спутник-V» вакцинасы: Аргентина, Венесуэла тұрғындары салдырды, ғалымдар тиімділігін дәлелдеді

