АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

21 Мамыр, 2021 20:35

2021 жылғы 18 мамыр күні Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының Бас директоры Ерлан Байдәулет және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ («ҰАҒБО» КеАҚ) Басқарма төрағасы Гүлмира Исаева АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Іс-шаралар жоспары ақпарат тарату және білім беру желісі, ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал шаруашылығын дамыту жөніндегі озық тәжірибе орталықтары, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстарын дамыту орталықтары, ауыл шаруашылығындағы су ресурстарын басқару, биологиялық зиянкестермен трансшекаралық күрес және басқалары сияқты бірлескен бағдарламалар шеңберіндегі ынтымақтастықты қамтиды. 

"Бұл жоспар АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ақпарат алмасу саласында тиімді ынтымақтасуға, бірлескен іс-шараларға қатысуға және ИЫҰ елдерімен ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кездесуде АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды кеңейту және гендердің ұлттық банктерін дамыту, тамақ және органикалық өнімдердің, халал өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаларды және тамақ өнімдерінің теңгерімі туралы деректер базасын қоса алғанда, ортақ мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктері талқыланды", делінген баспасөз хабарламасында.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаласты.


АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ арасындағы ынтымақтастық 2019 жылғы желтоқсанда қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандумнан басталғанын атап өткен жөн. Меморандум аясында АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ арасында азық-түлік және тамақ қауіпсіздігі, инновациялық ғылыми технологияларды тарату, ресурстар мониторингі және ғылыми-техникалық және ауыл шаруашылығы салаларында тәжірибе алмасу салаларында өзара іс-қимыл жасалды.

«ҰАҒБО» КеАҚ Қазақстан Республикасындағы ғылыми-зерттеу бағдарламалары бойынша АҚИҰ-ның стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады.

«ҰАҒБО» КеАҚ негізгі миссиясы аграрлық ғылымның практикалық әсерін ұлғайту және ауыл шаруашылығы саласын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін инновациялық дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Өз кезегінде, АҚИҰ-ның негізгі міндеттері азық-түлік қауіпсіздігін бағалау және мониторинг жүргізу, мүше елдерде ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін жақсарту үшін ауыл шаруашылығы ресурстарын жұмылдыру және басқару, тиісті технологиялар мен қоғамдық тамақтануды басқару жүйелерін алмасу мен беруді қоса алғанда, жалпы ауыл шаруашылығы саясатын үйлестіру, тұжырымдау және жүргізу болып табылады.

Бүгінгі күні АҚИҰ және «ҰАҒБО» КеАҚ іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ауқымды жұмыс басталды, бұл өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қабылдаушы елде де, ИЫҰ-ға мүше басқа елдерде де агротехнологиялық, ғылыми және инновациялық әлеуетті нығайту үшін негіз болады.

Барлық жаңалықтар