• Басты
  • А.Фазылжан: Латын графикасымен жазам деген қазаққа шектеу қоймауымыз керек
22 Қазан, 2019 15:35

А.Фазылжан: Латын графикасымен жазам деген қазаққа шектеу қоймауымыз керек

2017 жылы 12 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажеттігін айтқан еді. Содан бері латын графикасына көшу мәселесі қоғамда қызу талқыланып келеді. Кейбірі ұсынылған нұсқамен келіспесе, кейбірі емле бекітілмей жатып, латын графикасының халық тарапынан қолданылып кеткендігін айыптауда. Ал, "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы Анар Фазылжан латын графикасымен жазам деген қазаққа шектеу қойылмауы керек деді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Фазылжан: Латын графикасымен жазам деген қазаққа шектеу қоймауымыз керек

Себебі, оның айтуынша, әліпби халық тарапынан жаппай қолданысқа ие болғанда ғана кемшіліктерін көре аламыз.

"Латын графикасының соңғы ұсынылған нұсқасы 90 пайыз дұрыс. Емледе ұсақ-түйек мәселелер бар, тек соларды ғана шешуіміз керек. Ал, жалпы алғанда бұл нұсқа дұрыс. Көпшілік емле әлі бекітілген жоқ, мекемелердің, дүкендердің аты неге латын графикасымен жазылған деп сұрайды. Бекітілген нәрсеге біз өзгеріс енгізе алмаймыз. Ал, әлі бекітілмеген емлемен халық жазып, оқу арқылы кемшіліктерін тауып, оны түзеуге мүмкіндігіміз бар. Жазбаңдар дейтін болсақ, ол дұрысталмайды. Оны қолданысқа енгізгенде ғана, халық жаппай пайдаланғанда ғана біз кемшіліктерін көре аламыз. Практика керек. Сондықтан, халықтың латын графикасымен жазу ынтасына шек қоймауымыз керек", - деді маман.    

Сондай-ақ, "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы тілге жұмсалған қаражат қашанда өзін-өзі ақтайтынын атап өтті.

"Көшедегі ғимараттардың маңдайшасына латын графикасымен жазып тастады. Оған қыруар ақша кетті" дейді кей адамдар. Маңдайшалардағы жазу күнге өңіп кетеді, оны 6 айда бір ауыстырып отыру керек. Латынға көшпесең де жұмсалады ол қаражат. Тілге жұмсалған қаражат ешқашан далаға кетпейді. Кеңес кезінде орыс тіліне құйылған қаражат кеңес үкіметі құлағаннан кейін де әлі жұмысын жалғастырып жатыр. Сондықтан біз латын графикасымен жазам деген қазаққа шектеу қоймауымыз керек", - деді ол.  

Бұдан бөлек, маманның айтуынша, емле жылдар бойы өзгеріске ұшырап, уақыт өте келе қалыптасады.

"Кирилл графикасының емле ережелері 1957 жылы бекітілген. Алайда, сол кездегі емле ережесі мен қазіргі емле ережелерін салыстырсаңыз, арасы жер мен көктей. Ол жылдар бойы бірнеше мәрте өзгеріске ұшырап отырды. Жазу, тіл деген бір кабинетте отырып қалыптаспайды, халықтың оны пайдалануы арқылы жетіледі. Семинарлар, сауалнамалар арқылы біз бүгінгі таңда қазіргі жазудың дұрыс-бұрыстығын тексеріп отырмыз", - деді А.Фазылжан.

Сонымен қатар, Анар Фазылжан қазіргі латын графикасындағы дау туғызған әріптерге тоқталып өтті.

"Диграф әріптер халық тарапынан да, ғалымдар тарыпынан да дау туғызып отыр. Мәселен, щ және ч әріптері сынға ұшырады. Практика барысында осы әріптері бар сөздерді халық қате оқыды. 3000 астам адам қатысқан сауалнамада "схема" деген сөзді, үлкендер де, әсіресе мектеп оқушылары "сшема" деп оқыды. Енді "й" мен "і" әріптерінің бас әрпінде ноқаты жоқ. Мәселен, "ине" сөзін "іне" деп оқуы мүмкін, керісінше, "ішік" деген сөзді "ишік" деп оқуып кетуі мүмкін. Осындай қауіптердің алдын алу үшін президентіміз әліпбиді реттеңдер деп тапсырма берді", - деді ол. 

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын мемлекет басшысы Твиттер парақшасында тіл мамандарының қазіргі латын графикасын жетілдіруі қажеттігін жазып, тапсырма берген еді.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды