• Басты
  • А.Есмағамбетова: Мониторинг топтары карантиннің сақталуын бақылайтын болады
3 Шілде, 2020 12:32

А.Есмағамбетова: Мониторинг топтары карантиннің сақталуын бақылайтын болады

Арнайы мониторинг топтары карантиннің сақталуын бақылайтын болады. Бұл туралы "COVID-19 жұқтырған тұрғындарға медициналық көмекті көрсету мәселесі жайлы өткен баспасөз мәжілісінде ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

А.Есмағамбетова: Мониторинг топтары карантиннің сақталуын бақылайтын болады

Айжан Есмағамбетованың сөзінше, карантин уақытында жеке тұлғалардың да, кәсіпкерлік субъектілерінің де санитарлық нормаларды сақтауына мониторинг жүргізетін болады.

"Карантин талаптарын бұзғандар үшін арнайы әкімшілік жазалау шаралары туралы бұйрық дайындалып жатыр. Мәселен, қарапайым халық үшін 83 мың теңге және ШОБ субъектілері үшін 639 мың теңге айыппұл салынатын болады.  Мәселен, өткен карантин кезінде 495 әкімшілік іс қозғалып, Соның 95-і айыппұл төледі", - деді бас санитар дәрігер.

Сонымен қатар Айжан Есмағамбетова Қазақстанда пандемия кезінде қайтыс болған дәрігерлерлер туралы айтты.

"Пандемия кезінде Қазақстандағы 18 медицина қызметкері қайтыс болды. Бірақ айта кетеу керек, бұл жағдайлардың барлығы да коронавируспен байланысты емес. COVID-19 жұқтырған науқастарға тікелей көмек көрсетумен байланысты. Сонымен қатар айта кетейін, бүгінде коронавируспен ауыратындардың жалпы санының 11,5% - медицина қызметкерлері. Оның 492-де пневмония бар. Ал 511 медицина қызметкері емдеуді жалғастыруда", - деді айжан Есмағамбетова.

Бұдан бөлек бас санитар дәрігер коронавирус жұқтырған шенділерге тоқталды. Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде инфекция жұқтырған мемлекеттік қызметкерлер мен шенділердің қалай ем қабылдайтыны талқыға түскен болатын. Осы орайда олардың қалай мделіп жатқандығы жөнінде Айжан Есмағамбетова айтып берді.

"Жалпы шенеуніктерді ауруханаға жатқызудың ерекше тәртібі жоқ, барлық мемлекеттік қызметкерлер саяси, әкімшілік, барлығы жұқпалы ауруханаларда жағдайының ауырлығына қарай емделеді. Сондай-ақ аурудың жеңіл және орташа ауырлығы бар адамдар үйде емделеді. Ведомстволық ауруханалар жұқпалы науқастарды емдеуді қамтамасыз етпейді, олардың мұндай қызметті жүргізуге лицензиясы жоқ. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің емі жалпы негізде қамтамасыз етіледі", - деді бас санитар дәрігер.

Барлық жаңалықтар