• Басты
  • А.Есмағамбетова: Халықаралық әуе рейстерін қалпына келтіру жөнінде әңгіме айту әлі ерте
8 Маусым, 2020 17:48

А.Есмағамбетова: Халықаралық әуе рейстерін қалпына келтіру жөнінде әңгіме айту әлі ерте

Халықаралық әуе рейстерін қалпына келтіру жөнінде әңгіме айту әлі ерте. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Есмағамбетова: Халықаралық әуе рейстерін қалпына келтіру жөнінде әңгіме айту әлі ерте
 "Қазіргі таңда халықаралық рейстерді қайта қалпына келтіру жөнінде әңгіме айту әлі ерте. Тек елге оралуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары ғана елге келе алатынын еске салғым келеді. Бұл эвакуациялық рейстер", - деді ол.

Сонымен қатар Айжан Есмағамбетова ауру белгілері жоқ науқастардан көрі симптоматикалық науқастарға көп көңіл бөлу керегін атап өтті. 

"Науқастарды емдеу тактикасының өзгеруіне байланысты ауру белгісі жоқ науқастардан көрі ауру белгісі бар емделушілерге көбірек назар аударылу керек. Өйткені халықаралық және қазақстандық тәжірибе бүгінде ауру белгілері бар науқастар ауру белгісі жоқтармен салыстырғанда қауіптірек екені анықтыалып отыр. Мысалы, бір ауру белгісі бар науқас орта есеппен үш адамға жұқтырады. Сонымен қоса біздің тәжірибемізге сүйенсек, 7 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Сол себепті клиникалық емдеу маңызды, яғни асқынулардың алдын алу және жағдайдың шиеленісуіне жол бермеу үшін симптомдары бар пациенттерге назар аудару керек", - деді бас санитар дәрігер. 

Сондай-ақ ол ауру белгілері жоқ науқастар да назардан тыс қалмайтынын айтып өтті.  
"Қазір біз симптоматикалық науқастарға эпидемиология және клиника тұрғысынан назар аударамыз. Бірақ сонымен бірге ауру белгілері пациенттер де назардан тыс қалмайды", - деп толықтырды Айжан Есмағамбетова. 
Барлық жаңалықтар