• Басты
  • А.Еркімбай: Қазақ тілді контентті қолданушылар саны артып келеді
10 Ақпан, 2020 11:16

А.Еркімбай: Қазақ тілді контентті қолданушылар саны артып келеді

Елордада қазақ тілді ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосқан QazForum-2020 қазақ тілді онлайн-контент жасаушылардың IV форумы өтті. Аталмыш форумға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам медиа маман қатысты. Жиынның "Digital дәуіріндегі біздің медиа" атты тақырыпта өткен пленарлық отырысында журналист, медиатренер, "Internews Kazakhstan" ұйымының аймақтық кеңесшісі Асхат Еркімбай Орталық Азия (Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан) елдеріндегі медиа тұтыну мен медиасауат бойынша элеуметтік зерттеудің нәтижесімен бөлісті. Оның айтуынша, зерттеудің қорытындысы бойынша, қазақ тілді контентті қолданушылар саны артып келеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Еркімбай: Қазақ тілді контентті қолданушылар саны артып келеді

Асхат Еркімбай жиын барысында "Internews Kazakhstan" ұйымының бірқатар Орталық Азия елінің халқы ақпаратты қайдан алады деген бағытта жүргізген сауалнаманың нәтижесімен бөлісті.

"Internews Kazakhstan" Орталық Азиядағы Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанда тұратын жергілікті халық ақпаратты қайдан алады және қалай тұтынады деген бағытта зерттеу жүргізді. Аталған зерттеудің қорытындысына сүйенсек, жоғарыда аталған үш елде де ақпарат алу көзі ретінде алдыңғы орында теледидар тұр. Ал екінші орында - интернет. Үшінші орында әлеуметтік желі, туған-туыс, дос-жаран тұр. Радио қазір Тәжікстанда бірінші орында тұр. Ол елде радиоға сұраныс әлі де жоғары. Ал Қазақстандағы әрбір екінші адам интернетті ақпарат көзі ретінде қарастыранын айтқан", - деді "Internews Kazakhstan" ұйымының аймақтық кеңесшісі.

Сонымен бірге медиатренер қазақстандықтардың интернетті не үшін қолданатыны туралы сауалнаманың қорытындысына тоқталды.

"Енді "Қазақстан халқы халқы интернетті қандай мақсатта қолданады?" деген сауалға жауап беріп көрейік. Жүргізген сауалнамаға сәйкес, бірінші орында "entertainment" тұр,  яғни көңіл көтеру үшін пайдаланады. Әлеуметтік желі арқылы сөйлесу, оны негізгі коммуникациялық құрал ретінде қарастыру. Одан кейін жаңалық оқу,  фильм,  сериал қарау үшін қолданады", - деді ол.

"Internews Kazakhstan" ұйымының аймақтық кеңесшісінің сөзіне сүйенсек, Қазақстанда Орталық Азиядағы басқа елдермен салыстырғанда интернет арқылы төлем жасау секілді дүниелер жақсы жолға қойылған.

"Орта Азиядағы басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда интернет арқылы төлем жасау, банк қызметін пайдалану, электронды тауар сатып алу жүйесі елімізде жақсы жолға қойылғандықтан, қазақстандықтар электронды сауда жүйесіне көшті. Демек  біздің аудитория электронды саудада  дүниені сатуға,  сатып алуға дайын және машықтанған деп айтуға болады. Сондай-ақ зерттеуімізге қосымша ретінде адамдардан,  медиа сарапшылардан контентке қанша ақша төлеуге дайын екендіктерін сұраған болатынбыз. Олар 2-3 мың теңгеге сатып алуға қарсы емес екендіктерін айтты. Демек қазақстандықтар контент үшін 2-3 мың төлеуге дайын деген қорытынды шығаруға болады", - деді медиатренер.

"Internews Kazakhstan" ұйымының аймақтық кеңесшісіның айтуынша, зерттеудің қорытындысы бойынша, қазақ тілді контентті қолданушылар саны артып келеді.

"Біз Қазақстанның географиялық-демократиялық ерекшелегін ескере отырып әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Осыған сәйкес әр өңірден адамдар іріктелді. Интернетте ақпаратты тек қазақ тілінде алатын, немесе басқа тілді білмейтіндердің саны он пайызды құрады. Олар тек қазақ тіліндегі ақпаратты тұтынатындарын айтты.  Ал қазақ және орыс тілінде ақпарат тұтынатындар, яғни билингуалды категория - 32,1 пайыз. Егер екеуін біріктірсек, біз қазақ тілді контентті қолданушылар санының артып келе жатқанын көреміз", - деді ол. 

Сонымен қатар оның айтуынша, форумға келетін медиа саласында жүргендер арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қазақ тілді ақпараттық ресурстардың орташа есеппен 5 мың және 3-5 мың арасында тұрақты аудиториясы бар. Сонымен қатар оның айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі мемлекеттен қаржы алатындықтарын жеткізген.

"Осы форумға келгендерге "Қалай өмір сүріп отырсыздар, қаржыны қайдан алып отырсыздар" деген сұрақ қойылды. Сауалнама қатысқандардың 60 пайызы мемлекеттік тапсырысқа қатысамыз деп жауап берді. Сонымен қатар шамасы келген іскерлік басылымдар мемлекеттік тапсырыстан бас тартып, жарнамамен ақша тарту жағын қарастырып жатыр. Ал жарнама тартуға келмейтін, алайда қоғам үшін маңызды тақырыптарға сараптама жасап беретін ақпарат құралдары үшін мемлекеттік тапсырыстың үлесін қалдыруымыз керек деп жауап берген. Яғни мемлекет қаржыны жарнамадан пайда көрмейтін, тек қоғамдағы өзекті мәселелерді сараптап, зерттейтін медиа ресурстарға бөлу керек деп есептейді", - деді ол. 

Айта өтейік, ҚР Ақпарат министрлігінің сайтында БАҚ ретінде 540 онлайн ресурс тіркелген. Аталған 540 онлайн ресурстың 468-і қазақ және басқа тілде ақпарат ұсынамыз деп көрсеткен. 

Еске салайық, форумға Қазақстанның барлық аймағынан 200-ден астам медиа мамандары жиналды. Форумның тақырыбы: "Жаңа онжылдықтағы БАҚ: өзгерту уақыты және өзгеру уақыты" қазақ тілді БАҚ дамуының жаңа тенденцияларын талқылауды қамтиды. Мықты сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контентті жасаушылар қазақ тіліндегі контенттің өзекті мәселелерін талқыға салды.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды