- Басты
- Жаңалықтар
- Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты
5 Қаңтар, 2021 19:02
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін жарық көрген "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласы туралы ақын Ақберен Елгезек Strategy2050.kz тілшісіне өз пікірін білдірді.

Ақын Ақберен Елгезектің пікірінше, Президенттің бүгінгі мақалада айтқандарын қазақ қоғамы күтіп жүрген.
"Мемлекет басышсының мақаласын үлкен ықыласпен оқып шықтым. Үлкен проблемалар көтерілді. Әсіресе өз тарихымызды оқу мен оған қатысты көзқарасты өзгертуге байланысты айтқан ойын тек зиялы қауым емес бүкіл қоғам күтіп отырған еді. Кез келген өркениетті мемлекеттің идеологиясының құрамдас бөлігі – тарихи саясат. Орысша «историческая политика» дейді. Мұндай тарихи саясат бізде жоқ еді. Президент бүгін соған назар аударды. Тарихты қайта зерделеп, зерттеп, Ресейдің немесе басқа мемлекеттің тарихшыларының емес, қазаққа қажетті объективті тарих жазу керектігін айтқан. Тарихшылардың үлесі керек. Бұл пікірге мен қатты қуандым. Тарихи саясаты қалыптасқан мемлекет геосаяси ойындарда да өзін сенімді ұстай алады", - деді ол.
Ақберен Елгезек сонымен қатар Тоқаевтың жер мәселесі туралы пікірін қолдайтынын да білдірді. Айтуынша, Тоқаев жерді бөлу туралы әңгімелерге дұрыс нүкте қойды.
"Орыстар соңғы уақытта территориялық дау-дамайларды көп айтып кетті. Бүгін Президент мақаласында Алтын Орда мен Алаш зиялыларын айтты. Желтоқсан оқиғасына биыл 35 жыл толады. Соған орай тарихи шешімдер қабылданатынын да айтты. Бұл да мені қатты қуантты. Жер мәселесі Президенттің басты назарында екенін білдік. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды. Халықтың алдында бұл әңгімеге де нүкте қойды. Қазақ тілінің мәртебесі жайлы ойын да зиялы қауым зор қуанышпен қабылдады. Наурыз мерекесін тойлау, Тәуелсіздік мерекесі, жастарға деген көзқарасы да көп дүниеден хабар беріп тұр. Енді осы мақалаға сәйкес Ұлттық жоспар құрып, міндет етіп орындату керек. Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты. Біз өз тарапымыздан қолдан келгенше көмектесуге дайынбыз", - деп қорытты ақын.
автор:
Айнара Байжан
фото:
ҚазАқпарат мұрағатынан

поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді
-
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”
-
Президент жолдауынан басталған игі істер
-
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады
-
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды

