• Басты
  • А. Баталов әлеуметтік маңыздағы тауарлардың бағасын бақылады
2 Сәуір, 2020 16:31

А. Баталов әлеуметтік маңыздағы тауарлардың бағасын бақылады

Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын бақылау мақсатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласы Рақышев көшесінің бойында орналасқан «Magnum» сауда желісінің дүкеніне барды. Бұл жерде 19 әлеуметтік маңызды тауардың 18-і бар  және олардың барлығы да төмен бағада екен, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.


А. Баталов әлеуметтік маңыздағы тауарлардың бағасын бақылады
«Magnum» сауда желісі филиалының директоры Лаура Ыдырысованың айтуынша, сауда нүктесінде жалпы барлық тауарлар жеткілікті көлемде, мұндағы азық-түліктің 50%-і - отандық өнім, соның ішінде сүт, сүт өнімдері, нан, нан өнімдері, макарон және кондитер өнімдері бар. Облыстық бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес сауда нүктелерінде барлық санитарлық талаптар мен ұйғарымдар сақталып отыр. Дезинфекциялау шаралары тұрақты жүргізіліп, қолды жууға арналған санитайзерлер қойылған. Кіреберісте тепловизормен барлық келушілердің дене қызуы өлшенеді. 

Талдықорғанда «Magnum» сауда желісінің екі дүкені бар. Амандық Баталов қаланың оңтүстік-батыстағы жаңа тұрғын ауданынан тағы бір дүкен ашу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды:

“ Жұмыстарыңызды жалғастыра беріңіздер, біз өз тарапымыздан барлық қолдауды көрсетеміз. Ең бастысы, тұрғындар барлық қажеттіліктермен толық көлемде қамтамасыз етілуі керек. Сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы мен олардың бар болуына тұрақты бақылау жасаймыз. Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы мен олардың болуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдадық. Қазір «Жетісу» ӘКК арқылы облыстағы ірі сауда нүктелерімен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен келісімшарт жасалуда, соның негізінде кәсіпкерлер банк кепілдігіне айналым қаражатын ала алады. Бұл қатарда «Magnum» сауда нүктелерінің дүкендерінен басқа да нарықта бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ірі және орта дүкендер бар. Бүгінгі күні бұл мақсатқа облыс бюджетінен біз 1 млрд. теңге бөлдік. Қосымша тағы 1 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отырмыз”, - деді А. Баталов. Сол сияқты кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен «Жетісу» ӘКК басшыларына әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақты қадағалауды тапсырды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды