• Басты
  • А.Балаева: Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі
4 Маусым, 2020 10:00

А.Балаева: Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі

4 маусым  - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні! Осы орайда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды. 

А.Балаева: Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі

1992 жылғы дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік рәміздер барлық уақыттар мен замандарда қоғамдағы әр адам үшін қастерлі де, қасиетті болды. Рәміздер халықтың бостандығы мен тәуелсіздігін бейнелейді, оның құндылықтары мен қасиетті жерлерін, ата-бабалар жадын және жаңа ұрпақтың болашақ жетістіктерін білдіреді.

Қазақстандық Ту асқаралы биік тау шыңдарына орнатылды, ғарыштан Жер шарын айналып ұшты, әлемдік деңгейдегі спорттық жеңістерде желбіреді, адамдарды азаматтық және кәсіби ерліктерге шабыттандырды. Мемлекеттік рәміздер халықты біріктіріп, ұлтты бірегей етеді.Қай-қайсымыз да Туымыз, Әнұранымыз және Елтаңбамыздың асқақ рух, азаттық, қаһармандық пен даналықтың қастерлі нышаны екенін жақсы білеміз. Біз әркез қасиетті Туымыздың астында Отанымыздың тәуелсіздігі мен халқымыздың бақытты да бейбіт өмірін қорғаймыз. 

Бейбіт уақытта мемлекеттілік әрбір қазақстандықтың жетістіктерін нығайтады - біздің әрқайсымыз неғұрлым табысты болсақ, Тәуелсіз Қазақстан соғұрлым қуатты болады.

Еліміздің барлық азаматтарын осы қасиетті де маңызды күнмен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға өсіп-өркендеу, уақытша қиын кезеңді лайықты еңсеру, өмірлік күш-жігер мен жасампаздық тілеймін.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды