• Басты
  • А.Балаева: Бейбіт жиналыстардағы журналистердің қызметіне қатысты ережелер әзірленді

А.Балаева: Бейбіт жиналыстардағы журналистердің қызметіне қатысты ережелер әзірленді

11 Маусым, 2020 11:16

Өткен айдың соңында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңға қойды. Осы орайда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бейбіт жиналыстарды өткізудегі журналистердің қызметіне қатысты ережелер әзірледі. Аталмыш ережелерді онлайн-конференция барысында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева айтып берді, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

Министрдің сөзіне сүйенсек, митингке 200-ден астам адам жиналған жағдайда жедел баспасөз орталықтары құрылады.

"Егер хабарламада көрсетілген бейбіт жиналыстың қатысушыларының саны 200 адамнан асса, жедел баспасөз орталығы қамтамасыз етіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарының жедел баспасөз орталығы туралы сұранысы бейбіт жиналыс басталғанға дейін екі жұмыс күнінен бұрын кешіктірілмей жіберілуі керек. Сұрауды кез келген түрде жіберуге болады. Сонымен бірге  онда журналистер саны көрсетілуі тиіс", - деді Аида Балаева.


Бұдан бөлек, Ақпарат және қоғамдық даму министрі журналистерге арнайы өкілмен қамтамасы етіледі.

"Арнайы ұсынылған өкіл журналистерді баспасөз орталығына апарып, БАҚ өкілдерінінң қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды түсіндіреді. Сондай-ақ журналистерге бейбіт жиналысқа қатысушылардан сұхбат алуға көмектеседі. Сонымен бірге керек болған жағдайда көтерілген мәселелер бойынша шынайы ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларының байланыс деректерін береді", - деп толықтырды министр.


Бұдан басқа Аида Балаева мнистрліктің журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Оның сөзінше, Ішкі істер органдарының қызметкерлеріін жедел баспасөз орталығына бекіту арқылы журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделген. 

Барлық жаңалықтар