• Басты
  • А.Балаева: Азаматтық қоғамды 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы әзірленді
29 Маусым, 2020 11:23

А.Балаева: Азаматтық қоғамды 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы әзірленді

Азаматтық қоғамды 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Бұл туралы ҚР президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Балаева: Азаматтық қоғамды 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы әзірленді

Аида Балаева "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қалыптастырып, ақпаратты қолжетімді ету министрліктің басты міндетінің бірі екенін атап өтті. 

"Бұл барлық мемлекеттік органға ортақ міндет. "Халық үніне құлақ асатын мемелкет" идеясы қазіргі таңда халық тарапынан қолдауға ие болып, шын мәнінде үлкен үміт күтетін концепцияға айналып отыр. Оның аясында осы уақытқа дейін біраз шаруа атқарылды. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына көшу тәсілдері 2025 жылға дейін азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы саяси саналуандық, тиімді жергілікті өзін-өзі басқару, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін және азаматтық бақылау тетіктерін нығайту үшін жағдай жасауға бағытталған", - деді министр.


Сондай-ақ Аида Балаева "Халық үніне құлақ асатын мемелкет" қалыптастырудағы жүзеге асырылған жобаларға тоқталды.

"Онлайн және қоғамдық қабылдау бөлмелері құрылды. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы іске қосылды. "109" бірыңғай байланыс орталықтары іске қоысылып, әкімдіктердің фронт-офистері ашылды. Мемлекетік органдар басшыларының есеп беру кездесулерінің онлайн трансляциясы іске қосылды", - деді ол.


Сондай-ақ министрдің сөзінше, ақпаратқа қол жеткізу қамтамасыз мақсатында бірқатар шара қолға алынып, жүзеге асқан. 

"Ал ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасына түзетулер топтамасы әзірленді. Жергілікті атқарушы органдар ашықтығының типтік моделі жасалды. Мемлекеттік органдардың 100-ден астам ведомстволық ұйымдары бірінші басшыларының блогтары ашылды. "Ашық үкімет" қағидаттарын дамыту мәселелері бойынша ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық жасалды", - деді Аида Балаева.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды