- Басты
- Жаңалықтар
- А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба
Бүгін елордада «Astana Media Week» апталығы бастау алды. Екі күнге жалғасатын медиа-шарада медианы дамыту стратегиялары, деректі кино саласындағы тәжірибе және оның болашағы, қазақ тілді баспалардың болашағы секілді күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыға түспек. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Жиында алғаш боп сөз алған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева медиа-шараның 2017 жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанына тоқалып, осы уақыт аралығында бірқатар әлемдік және отандық маңызды мәселелердің талқыға түсіп, өзекті мәселелер көтерілетін диалог алаңына айналғанын атап өтті.
«Бұл жоба 2017 жылы басталып, тұрақты түрде өткізілетін диалог алаңына айналды. Мұнда ақпарат саласындағы өзекті әрі өткір тақырыптарды талқыланады. Осы уақыт ішінде біздің министрлік республикалық және өңірлік БАҚ пен мемелкеттік орган өкілдеріне арналған 40-тан астам семинар-тренинг өткізді. Оның аясында еліміздің 200-ден астам үздік спикер мен Ресей, АҚШ, Норвегия, Сауд Арабия, Аустралия сынды шет елдердің үздік мамандары дәріс оқыды. Биыл да біз осы шараны дәрстүрлі түрде өткізу қолға алдық. Astana Media Week - бұл әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба», - деді министр өз сөзінде.
Сонымен қоса, Аида Балаева біздің әлемдік медиа кеңістікте күн тәртібіне шығып отырған сын-қатерлерге жауап бере білуіміз керек екенін де баса айтып, бүгінде ақпарат алуға қоғам тарапынан үлкен сұраныс барын, бұл өз кезегінде біздің журналистерді бәсекеге қабілетті ететінін тілге тиек етті.
«Бұл медиа апталықтың атауы - фактілер мен эмоциялар. Соңғы бір жарым жыл ішінде адамзатқа эмоционалды тұрғыда қысым күшейді. Ақпаратты ұсынудың эмоционалдылығы оны қабылдау әсерін едәуір арттырды. Сонымен қатар, пандемия кезінде көптеген фейк ақпараттар болған кезде, сенімді тексерілген факт журналистің кәсіби шеберлігінің басты белгісі екені анық көрінді. Біздің қоғам тап болған қиындықтарға қарамастан, біз шексіз мүмкіндіктер дәуірінде өмір сүріп жатқанымызға сенімді», - деді министр.
Сонымен қатар, ол пандемия кезіндегі журналистиканың ерекше миссиясын, оның елдегі тұрақтылықты сақтаудағы, сенімді және жан-жақты ақпарат берудегі рөлінің маңызды екенін атап өтті.
"Ең бастысы – осындай ортақ алаңдарда өзара жақын танысып, пайдалы кеңестер тыңдауға мүмкіндік алу – медиа саланың нәтижелі дамуына тың серпін береді деп сенемін!", - деді министр.
Еске салайық, шараға АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген мемлекеттік аппарат өкілдері, белгілі журналистер, деректі фильмдердің режиссерлері, сондай-ақ блогерлер қатысуда.
Екі күнге созылатын іс-шара онлайн және офлайн-алаңдарда өтіп жатыр. Сонымен, онлайн режимінде «Деректі кино: тәжірбиесі мен болашағы» дөңгелек үстелі және «Медианы дамыту стратегиясы» конференциясы өтеді. Осы оқиғалардағы талқылауларға 5 елдің спикерлері қосылады. «Өткір әлеуметтік тақырыптарды қамту ерекшеліктері» және «Қазақ тілді баспалардың болашағы» атты дөңгелек үстелдері сарапшылардың, медиаменеджерлердің, журналистер мен қоғамдық пікір көшбасшыларының басын қоспақ.
Айта кетейік, Astana Media Week - Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі жыл сайын ұйымдастырады.

-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр
-
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді
-
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары

