• Басты
  • А.Айтбаев: Теміржол билетінің бағасы қымбаттамайды
15 Мамыр, 2020 18:11

А.Айтбаев: Теміржол билетінің бағасы қымбаттамайды

Теміржол билетінің бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәжілісінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ Маркетинг және сату департаментінің директоры Алмас Айтбаев мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Айтбаев: Теміржол билетінің бағасы қымбаттамайды

Бүгін Қазақстан аумағы бойынша жүретін жолаушылар пойыздарына билеттер сатылымы ашылды. Бұған дейін хабарлағандай, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап ішкі теміржол қатынастары кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. Департамент директоры тұрғындарға билетті онлайн сатып алуға кеңес берді.

"Адамадардың бір-бірімен айланысын барынша aзайту мақсатында билеттерді BILET.RAILWAYS.KZ сайты, "ҚТЖ билеттері" мобилді қосымшасы және өзге де сайттар мен өз өзіне қызмет көрсететін автоматтар арқылы рәсімдеуге кеңес береміз. Сондай-ақ бұрын рәсімделген билеттер кезеңімен билет кассаларында жаппай кептеліс туғызбай қайтарылатын болады. Вагондардағы барлық орын сатылады, ешқандай шектеу жоқ. Сонымен қоса айта кету керек, жолаушылар тасымалы саласында тариф саясаты өзгермейді. Сәйкесінше билет бағасы қымбаттамайды", - деді Алмас Айтбаев. 

Оның сөзінше, бір күнге жетпейтін уақыт ішінде 23 мың билет сатылған.

"Бүгін 179 билет сататын касса ашылды. 15 мамыр сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республика бойынша 23 мың билет сатылды. Бүгін билет сатылымының бірінші этапы басталды, ал екінші этапы билетке деген сұраныстың санына орай ашылады. Әр маршрутты бақылап, сараптап отырмыз. Қазіргі таңда Атырау қаласынан басқа барлық аймақтарға билет сатылуда. Өйткені Атырауда әлі күнге дейін карантин шаралары алынған жоқ", - деді департамент директоры. 

Бұдан бөлек ол бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандар тек кассадан билет сатып алатынын атап өтті. Оның айтуынша, қазір бұл проблеманы шеші үшін жқмыстар жүріп жатыр.

"Қазіргі таңда билетті жеңілдікпен алатындар тек кассадан ғана сатып алуға мүмкіндігі бар. Бүгінде мәліметтер базасы мен біздің билетті сату жүйесін біріктіру жөнінде Еңбек және халықты қорғау министрлігімен бірге қарастырып жатырмыз. 15 маусымға дейін бұл мәселе шешімін табады", - деді ол. 

Бұдан басқа "Қазақстан темір жолы" АҚ вокзал шаруашылығы жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев короновирус індеті таралуын болдырмау мақсатында Көліктегі бас мемлекеттік дәрігерімен пойыздар мен вокзалдарда санитарлық-карантиндік режимдік қамтамасыз етуде бірқатар талаптар енгізілгенін атап өтті.

"Атап айтсам, теміржол жолаушылар тасымалы саласындағы Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі уақытша санитарлы-карантиндік   нормаларына сәйкес жолаушыларға теміржол вокзалы ғимараттарына кірерде бетперде киюді міндеттейді. Сонымен қатар 1 метрге дейін арақашықтықты сақтау керек. Вокзал кіреберісінде жеке қауіпсіздік қызметімен жолаушыларды тексеру үшін байланыссыз термометрия жүргізіледі. Кімнің дене қызуы жоғары болса, оған вокзалға кіруге рұқсат берілмейді", - деді Жұбан Көрпебаев.

Сондай-ақ атқарушы директор вокзал аумағында да тұрған адамдар арасындағы 1 метрден кем емес  қашықтықты сақтау бойынша шаралар міндеттелгенін айтып өтті.

"Осыған байланысты жолаушылар әлеуметтік қашықтықты ары қарайда сақтауы үшін еденге қашықтық белгілері сызылып, касса залдары мен күту залдарында орналастырылған орындықтарда қашықтықты сақтау туралы нұсқамалар белгіленген, қабырғаға тақырыптық флаерлер ілінген. Жолаушылар үшін әлеуметтік қашықтық пен санитарлық нормаларды сақтау қажеттігі туралы ескертпелер вокзалдардағы аудио және бейнетарату құралдары арқылы да жүргізіледі", - деді ол.

Сонымен қоса оның сөзінше, вокзал ғимаратындағы тамақтану мен сауда орындары әзірге жұмыс істемейтінін атап өтті.

"Бас санитар дәрігердің шешімі бойынша, жолаушыларды шығарып салушылар вокзал ғимаратына крігізілмейді. Сондай-ақ вокзалдағы сауда дүкендері, кафе-ресторандар мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес ашылатын болады", - деді ол.

Ал 15 мамырдан бастап билеттің сатылымға шығатынын естіген астана тұрғындары "Нұрлы-Жол" вокзалына келген. Вокзал ғимаратындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған. Билет сатып алушылар саны көп емес. Соның бірі - елорда тұрғыны Ұлмаш Жұбанова. Оның күтіп отырғанына 1 сағатқа жуықтаған. Алайда қашан билет салыт алуға мүмкіндік болатынын білмейді.

"15-нен бастап теміржол билеттері сатылатынын естідік. Сол себепті маусымның 20-на билет алу үшін вокзалға келіп отырмыз. Жалпы теміржол билеттері жүруден 45 күн бұрын сатылымға шығуы керек. Алайда, келгенімізге бір сағаттан асты. Әлі билет алған жоқпыз. Бізге себебін әлі айтқан жоқ. Жұмыс істейтін уақытын білу үшін хабарласатын телефон нөмірлері болған жоқ. Кассадан отырған қыз менің телефон нөмірімді алды, белгілі болғанда хабарасамын деді. Енді күтіп отырмыз", - деді ол.

Сонмен қоса тағы бір елорда тұрғыны Асқар Жақыпбек билетті онлайн сатып алуға мүмкіндігі шектеулі жаңдарға жағдай жасалмағанын атап өтті. Оның сөзінше, олар тек кассадан ғана ала алады, өйткені онлайн алатын болса, билеттің толық бағасын төлеуі керек. Сол себепті вокзалға келуге мәжбүр болып отыр.

"Қызылордаға жетпей Тереңөзек деген жер бар. Сонда бір кісі қайтыс болған еді. Сол кісінің жылына барсақ па деп едік. 15-нен бастап билет сатылатыны туралы теледидардан да хабарлады, интернетке де шықты. Отырғанымызға бір сағат болды, қашан ашылатынын белгісіз. Біздің сөзіміз бөлек, ісіміз басқа ғой. Интернеттен ала алмаймыз, өйткені қосымшаларда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеңілдік жоқ. Билеттің толық бағасын төлеу керексің. Ал кассадан біз 50 пайыз жеңілдікпен аламыз", - деді астана тұрғыны.

Айта өтейік, бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ Маркетинг және сату департаментінің директоры Алмас Айтбаев атап өткенін еске саламыз. Оның сөзінше, 15 маусымнан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар да билетті жеңілдікпен онлайн сатып ала алады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды