• Басты
  • А.Аймағамбетов: Төртінші тоқсан өз уақытында аяқталады
3 Сәуір, 2020 19:09

А.Аймағамбетов: Төртінші тоқсан өз уақытында аяқталады

Төртінші тоқсан өз уақытында аяқталатын болады. Бұл туралы мектеп оқушыларының IV тоқсанда қашықтықтан оқу жүйесіне арналған баспасөз мәжілісінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Аймағамбетов: Төртінші тоқсан өз уақытында аяқталады

Министрдің сөзінше, соңғы тоқсан 25-мамырда аяқталады.

"Ешқандай мәселе туындамаса, 4-тоқсан өз уақытында аяқталады. Жылдағы дәстүр бойынша 25-мамырда төртінші тоқсан бітеді. Біз көктемгі демалыс уақытын создық, бұрын оқушылар екі апта демалса, биыл тағы бір апта қосылды. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Мұғалімдер кейбір сабақтарды біріктіріп оқытады. Оған мүмкіндіктер бар. Қазір біз видео-сабақтарды да осындай тәсілмен дайындадық. Сол себепті бағдарламаның бәрі қамтылады", - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқыту жүйесінде кемшіліктер болуы мүмкін екендігін айтып, ата-аналарды түсіністікпен қарауға шақырды.

"6-нан бастап мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді. "Көш жүре түзеледі" дейді. Сол себепті ата-аналардың қолдауын сұраймын. Кемшіліктер болады, онсыз болмайды. Бұл жаңа нәрсе болғандықтан, ұстаздарымыз үшін де, балалар үшін де, ата-аналар үшін күрделі болады. Алдын-ала болатын кемшліктер үшін кешірім сұрағым келеді. Сіздердің, ұстаздарымыздың көмегі арқылы қиын кезеңнен абыроймен шыға аламыз", - деді министр.  


Еске салайық, бұған дейін Білім және ғылым министрі қашықтан оқыту 4 бағыт бойынша жүзеге асырылатынын айтқан болатын. Бірінші бағыты - теледидар арқылы тиісті сабақтарды беру, екіншісі - радио арқылы өткізу. Ал үшінші - пошта арқылы боған болса, төртінші бағыт - интернет жүйесі арқылы іске асырылады. Министрдің сөзінше,  қысқа уақыт ішінде бірнеше интернет платформаларын дайындалған.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды