• Басты
  • А.Аймағамбетов қашықтан оқу туралы: 3,2 млн оқушы қашықтан оқуды бастады

А.Аймағамбетов қашықтан оқу туралы: 3,2 млн оқушы қашықтан оқуды бастады

6 Сәуір, 2020 18:12

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін төртінші тоқсан басталып, қашықтан оқу форматы толық қосылғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 


«Елімізде оқушылар үшін төртінші тоқсан басталды. Бұл тоқсан өте ерекше. Себебі, қашықтан оқыту форматы бойынша алғаш рет оқуды бастап отырмыз. Қысқамерзім ішінде дайындықты жүргізген болатынбыз. Білім саласы үшін бұл үлкен емтихан, емтихан ғана емес, үлкен мүмкіндік деп айтқым келеді. Осы тәжірибеден кейін білім саласы өзгеретіні айдан анық. Әрине, қысқамерзім ішінде ұстаздар жаңа құзыреттер алып, қашықтан оқу форматына бейімделді. Жалпы, үлкен жұмыс жүргізілді», - деді А.Аймағамбетов.

   Сонымен қатар, министр оқуды бүгін 3,2 млн оқушы оқуын бастағанын айтты.

   «Бірінші күннің негізгі қорытындысына тоқтағым келеді. Оңай болмаса да, қашықтан оқу форматына толық көшіп, бастадық. 3,2 млн оқушы әр-түрлі бағыт бойынша оқуын бастады. Кейбіреуі интернет арқылы, кейбіреуі теледидар арқылы оқуды бастады. Интернет бойынша бірнеше интернет платформалар арқылы жұмыс жүргізілді», - деді БҒМ басшысы.

   Министр атап өткендей, «kundelik.kz», «daryn.onlain» , «bilimland», «opik.kz», «SMK» платформасы бар.

«Жалпы, интернетті қолданып, қашықтан оқуға көшкендер саны  2,4 млн оқушы. Тек қана «kundelik.kz»  арқылы 2,2 млн оқушы 7-ден бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс жүргізуде. Осы оқушылар 32 млн сессияны тек  «kundelik.kz-те»   жүргізген. «Daryn.online» платформа бар, онда әзірленген видеосабақтар бар, оның қорытындысы бойынша тапсырмалар беріледі. Әрі қарай да мұғаліммен жұмыс істейтін мүмкіндік бар. Онымен  300 мыңнан астам адам жұмыс істеген. Ал «bilimland» танымал  платформа арқылы 400 мыңнан астам оқушы жұмыс істеді. Ол платформа арқылы «ЕлАрна»,  «Балапаннан» беріліп жатқан видеоларды қайта көріп, жұмыс істей алады. Бұл платформада 400 мыңнан астам оқушы отырды», - деді ол.

     Аягөз Құрмаш 

 

 

 

Барлық жаңалықтар