• Басты
  • А.Аймағамбетов: 3-6 жастағы балалар балабақшамен 100% қамтылады
19 Желтоқсан, 2019 10:35

А.Аймағамбетов: 3-6 жастағы балалар балабақшамен 100% қамтылады

3-6 жастағы балалар балабақшамен 100 пайыз қамтылады. Бұл туралы үкімет отырысында білім және ғылым саласын дамыту үшін 2020-2025 жылдарға арналған бағдарлама жобасын таныстыру барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Аймағамбетов: 3-6 жастағы балалар балабақшамен 100% қамтылады

"3-6 жастағы балаларды балабақшамен 100 пайыз қамту жоспарланып отыр. Сапаны арттыру мақсатында оларды лицензиялауды кезеңдеп қайтару және мектепке даярлауды жақсарту үшін жаңа бағдарламалар енгізу көзделді. Қазіргі таңда жекеменшік балабақшаларда келеңсіздіктер көбейіп кетті. Сондықтан лицензиялау мәселесін қолға алды жөн санадық. Өңірлердегі жекеменшік балабақшалардың ұсынысы бойынша мемлкеттік тапсырыс құны 30 мыңға дейін жеткізіледі. Ол үшін республикалық бюджеттен 400 млрд-тан астам қаржы қарастырылып отыр", - деді министр.

Сонымен қатар ол өз баяндамасында балаларыдң қауіпсіздігіне баса назар аударды. Оның айтуынша, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін арнайы күзет, бейнебақылау секілді мәселелер қарастырылған.

"Соңғы кездері балалардың қауіпсіздігі мәселесі қоғамды алаңдатуда. Президент те бұл мәселеге көп көңіл бөледі. Біз үшін басты мәселе - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін арнайы күзет, бейнебақылау, қауіпсіз тасымалдау мәселелерін біз 100 пайыз шешеміз деп жоспарлап отырмыз. Тамақтану нормалары мен рационды қайта қарау, асханаларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға кезең-кезеңмен көшу, ерекше білімге қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін мемлекеттік тапсырысты жан басына қаржыландыру жоспарлануда", - деді ол.  

Бұдан басқа министр өз сөзінде білім және ғылым саласын дамыту үшін алға қойылған міндеттер мен мақсаттарға тоқталды.

"Отандық білім мен ғылымның әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыру, құндылықтар негізінде тұлғаларды оқыту және тәрбиелеу, сонымен қатар экономикамыздағы ғылымның үлесін ұлғайту. Бұл 5 бағыт мен 11 міндетті орындау аясында іске асады. Біз жобада падагогтардың мәртебесін бірінші орынға қойып отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 500 мың педагогтің еңбекақысын екі есеге ұлғайту қарастырылған", - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ оның айтуы бойынша, педагогикалық білімді жаңғырту мақсатында болашақ мұғалімдердің педагогикалық практикасы өзгертіліп, ұлғайтылады және оқу бағдарламалары 100 пайызға жаңартылмақ. 

"Мұғалімдерді қайта даярлау, біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі енгізілетін болады. Бұдан былай балабақша, қасымша білім және колледж педагогтері, олардың басшылары аттестаттауда өтіп, жалақысы артады. Педагогтердің еңбегін нормалау жүйесін енгіземіз. 2021 жылдан бастап университеттердің түлектері реттелетін мамандықтар бойынша сертификаттаудан өтеді. Сонымен қатар педагогикалық білімді жаңғырту, болашақ мұғалімдердің педагогикалық практикасын өзгерту және ұлғайту, оқу бағдарламаларын жалпы 100 пайызға жаңарту қарастырылған", - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, ол білім және ғылым саласын дамыту үшін  шеңберінде 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламаның жобасы мемлекет басшысының тапсырмасымен  әзірленгенін айтып өтті.

"Жобада бірнеше стратегиялық құжаттар негізге алынды. Атап айтқанда, Елбасының "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" және "Рухани жаңғыру" бағдарламалары, мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасы, тамыз кеңесі мен жолдауда берген тапсырмалары толық қамтылды. Жоба педагогикалық ұжымдарды қарапайым мұғалімдер мен сарапшылардың қатысуымен және парламент депутаттарымен алдын ала талқыланды. Сонымен қатар Бердібек Сапарбаевтың өңірлерге барған сапарында біз мұғалімдермен жан-жақты талқыладық", - деді ол. 

Бұдан басқа Асхат Аймағамбетов 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның қорытындыларына тоқталды.

"2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылым салаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы аяқталуда. Жалпы 12 индикаторды, 71 көрсеткішті және 262 іс-шараны орындау көзделген. Бағдарламаның орындалу нәтижесінде көрсеткіштердің 92 пайызы, іс-шараны 98,8 пайызы орындалды. Бағдарламаның шеңберінде біраз мәселе шешілді. Еліміздің мектептері жаңартылған білім мазмұнына көшті. Колледждерде тегін кәсіптік білім беру техникасы іске асырылды. Университеттерге академиялық және қаржылық дербестік берілді. Отандық ғылымдардың ең беделді журналдарадағы шығатын мақалалардың саны 2,5 есеге өсті", - деді министр.  

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды