• Басты
  • А.Арзықұлов: Еуро-4 стандартына сәйкес келмейтін автокөліктер шетелге қайтарылуы тиіс
27 Қаңтар, 2020 15:41

А.Арзықұлов: Еуро-4 стандартына сәйкес келмейтін автокөліктер шетелге қайтарылуы тиіс

Осыдан бірер күн бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен кіргізілген автокөліктерді уақытша тіркеуді тапсырған еді. Осылайша, президент автокөлік иелеріне мәселесін реттеуге бір жыл уақыт берді. Осыған орай, мемлекет басшысының мұндай шешімі мәселені қаншалықты шешеді, және де автокөлік иелерінің тағы қандай мүмкіндіктері бары жөнінде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Алмас Арзықұловпен сұхбаттасқан едік. Оның айтуынша, Еуро-4 стандартына сәйкес келмейтін көліктер шетелге қайтарылуы тиіс, деп хабарлады Stretegy2050.kz тілшісі.

А.Арзықұлов: Еуро-4 стандартына сәйкес келмейтін автокөліктер шетелге қайтарылуы тиіс

Сарапшының айтуы бойынша, Қазақстанға шет мемлекеттен көлік алып келудің заңнамада көрсетілген өзіндік тәртібі бар. Әр азамат сол заң бойынша әрекет етуі керек.

"Елімізге шетелден кіргізілген кез-келген автокөлік он күннің ішінде Қазақстанда тіркеуден өтуі қажет. Бұл заңда нақты жазылған. Оны ескеру қажет. Заң бойынша, шетелдік көліктің Қазақстанда жүру тәртібі бар. Мәселен, заңнамада шетелден келген азамат өзінің атына тіркелген көлікті Қазақстанда пайдалануына алып келуіне болады делінген. Қазір Қазақстанға әкелінген 170 мың көліктің барлығы заң талаптарына сәйкес келмейді. Сол себепті азаматтар заңды білмеу жауапкершліктен бостпайтынын түсіну керек. Кез-келген азамат өз іс-әрекетіне жауап беруі қажет. Тіпті шет мемлекеттен сатып алған жағдайда сыртқы экономикалық қарым-қатынастың субъектісі болдыңыз. Сіз сырттан көлікті алып келдіңіз бе, демек екі мемлекет арасындағы тәртіпті де білуіңіз керек", - дейді маман.

Алмас Арзықұловтың сөзіне сүйенсек, қазақстандық автокөлік иелері елге әкелгеннен кейінгі 10 күн ішінде тіркеу керек деген заңнаманы былай қойғанда, олар автокөлікті Қазақстанға алып келгенге дейін заңды бұзған.

"2014-2020 жыл арасында кеден салығы салынбаған машинаны тек Армения азаматы ғана сатып алуға және пайдалануға құқығы болған. Алайда, оны сатуға, басқа адамға беруге құқығы жоқ. Ал біздің азаматтар оған қарамай, осындай көліктерді алып келген. Қалай дейсіз бе? Олар Арменияға барып заңсыз тіркеуге отырған. Кейін көлікті Қазақстанға алып келген. Осылайша, жалған тіркеу жасап, машинаны өздерінің атына аударған. Олар Қазақстанға алып келгенге дейін заңды бұзып отыр. Және әкелгеннен кейін 10 күн ішінде тіркеу керек болған, алайда тіркеуден өткізбеген. Енді олар мемлекеттік салық, кеден салығын төлеулері тиіс", - деді ол.

Маманның айтуынша, мемлекет басшысының көлікті тіркеу уақытын бір жылға созуы - автокөлік иелері үшін үлкен жеңілдік. Себебі осы уақыт аралығында олар мәселелерін шешуге қаражат табуға, аұша жинауға мүмкіндіктері бар.

"Президент жақында автокөлік иелеріне бір жылға дейін мүмкіндік берді. Егер де мемлекет басшысы мұндай шешім шығармағанда, мемлекет бір ай ішінде заңсыз келген автокөліктерді айыппұл тұрағына қамап, не болмаса сыртқа қайтып шығарып жіберер еді. Тоқаев олардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, келесі жылдың 1 наурызына дейін уақыт берді. Салықтың барлығын төлеп, не болмаса сыртқа шығарып, қайта сатып жіберуге деген сияқты заңды жолын табуға мүмкіндік берді. Менің ойымша, бұл автокөлік иелеріне берілген үлкен жеңілдік", - деді Алмас Арзықұлов.

Сонымен бірге сарапшының сөзіне сүйенсек, елге кіргізілген автокөлік  Еуро-4 стандартына сай болуы қажет. Ал елдегі сырттан келген 170 мың көліктің көпшілігі бұл стандартқа сай емес. Сондықтан оның айтуынша, рөлі оң жағында орналасқан, сондай-ақ Еуро-4 стандартына сәйкес келмейтін көліктер шетелге қайтарылуы тиіс.

"170 мың көлік иелері расымен де бір бөлігі шетелдік азаматтар болуы мүмкін. Десекте, Қазақстанға тіркеу үшін ол көлік заңнамаға сай болуы қажет. Мәселен, рөлі сол жағында және де Еуро-4 стандартына сәйкес болуы тиіс. Армениядан келген көліктердің көпшілігі бұл талаптарға сай емес. Міне, Қазақстанда тіркеуге мүмкіндік болмайтынын біле тұра, елге әкелудің өзі заң бұзушылық. Сондықтан рөлі оң жағында орналасқан не болмаса Еуро-4 стандартына сәйкес келмейтін көліктер шетелге қайтарылуы тиіс. Олар үшін басқа жолы жоқ. Тіптен, ақшасы болса да, заң бойынша тіркеуге болмайды", - деп атап өтті Алмас Арзықұлов.

Сондай-ақ оның айтуынша, жоғарыда аталған стандарттарға сай келетін көліктердің мүмкіндігі көп. Мәселен, мемлекеттік не кеден салығын төлеп, елде қалдыруға болады. Немесе құжаттарын реттеп, бөлшектеп сатуға мүмкіндіктері бар.

"Ал стандарттарға сай келетін көлік иелері бір жыл ішінде қажетті соманы жинап, тіркеуі керек. Бұл заң бойынша мүмкін. Не болмаса, көрсетілген уақытқа дейін Арменияға апарып, қайта сатып жіберуіне болады. Олар ұтылмайды. 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Арменияда жеңілдетілген кеден салығы болатын. Осыған орай көліктің бағасы да арзан болды. Биылдан бастап оларда да біздегідей автокөлікке салынатын кеден салығының мөлшері көбейді. Осымен байланысты оларда да автокөлік бағасы өсті. Осы тұрғыдан алғанда, автокөлік иелері кері қарай қайта сатқан жағдайда ұтылмайды. Сатып алған кездегі сомаға сатуға мүмкіндіктері бар. Не болмаса, құжаттарын реттеп, бөлшектеп сатуға болады. Одан ұтылуы мүмкін, алайда олардың басқа амалы жоқ", - деді сарапшы.

Бұған қоса, оның айтуынша, бір жылға дейін уақыт беру үлкен мүмкіндік. Осындай жеңілдік жасаған мемлекет басшысы алдағы уақытта басқа да жеңілдіктер, мысалы, бағасына, уақытына байланысты өзгерістер жасауы мүмкін деп аяқтады ол сөзін.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды