Басты
  • Өңірлерде «Ақылды қала» қалай жүзеге асырылуда 20 Шілде 2018 Қазақстан өңірлерінде смарт-жобалардың жаппай іске асырылуы 2017 жылдың күзінде басталды. Оның аясында әрбір салаға арналған қызмет салаларын, қаржыландыру түрлерін, технологияларды және болжамды жоба пулдарын қамтитын «Смарт сити» тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Бүгінгі таңда тұжырымдамаға сәйкес Қазақстанның барлық өңірлері «Смарт сити» өңірлік тұжырымдамасын одан әрі тарату және дамыту үшін негізге ала отырып жұмыс істейді.Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Назарбаев Сағынтаевқа: коммуналдық қызметтердің бағасы өсті, медициналық қызмет көрсету нашарлады 19 Шілде 2018 Қазақстан Президенті Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қоғамдық денсаулық сақтауды қалыптастыру үшін не істеу керек 19 Шілде 2018 Қоғамдық, бұқаралық салауатты өмір қалпын қалыптастыру үшін бұқаралық спорт шараларын ұйымдастыру қажет, дейді мамандар. Аталмыш мақсат бойынша елімізде бірқатар бұқаралық шаралар жүзеге асырылды. Сондай-ақ, өмір сапасы мен ұзақтығының кепілі саналатын мақсатты шараларды күнделікті әдет-дағдыға айналдыру қажет екен. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қыркүйекте Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 6-шы Саммиті өтеді 19 Шілде 2018 Биылғы қыркүйек айында өтуі жоспарланған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) 6-шы Саммитіне дайындық жұмыстары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен және Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесу өткізді.
  • Қазақстандық ЖОО-ның мәртебесі жоғары ма? 19 Шілде 2018 Осы аптада еліміздің оқу орындарында құжат қабылдау басталады. Қазақстанның теріскейі мен түстігі, ойы мен қырынан үмітін үкілеген талапкер қалаға қарай ағылады. Негізгі мақсат – үкіметтің грантына ілігу. Әркімге мамандық таңдауда меже, университет көрсетуде кедергі қойылмаған. Абитуриенттер ең алдымен, оқу орнының беделі, мамандыққа сұраныстың болуы және оқу бағасының тиімділігіне назар аударады. Ал ЖОО жылдағыдай мектептерде, әлеуметтік желіде, қала көшелерінде жарнама жасап, университеттің артықшылықтарын насихаттайды. Бірақ, қазақстандық оқу орындары талапкердің талабына, «өнеркәсіптік төңкеріс» жағдайында нарықтың сұранысына жауап бере ала ма? Ішкі ғана емес, аймақтық, тіпті жаһандық бәсекелестікте біздің ЖОО-ның бәсі қаншалықты биік деген заңды сұрақ туындайды.
  • Халықаралық сәулетшілер конгресі аясында өткен байқаулар қорытындыланды 18 Шілде 2018 Халықаралық сәулетшілер конгресінің жұмысы тәмамдалды. Үш күн бойы, таңертеңнен кешке дейін байқау қатысушылары үш бағыт – қалалық орта үшін инновациялар, урбанистика және жергілікті қоғамдық кеңістікті дамыту, «жасыл» технологиялар енгізу бойынша шешімдер ойлап шығарды.Сондай-ақ, аталмыш конгреске әлемнің 20-дан астам елінен жетекші сәулетшілер, урбанистер мен зерттеушілер қатысты.
  • Жалпыға бірдей декларациялау қалай жүзеге асырылады 18 Шілде 2018 Ұлт жоспары «100 нақты қадамының» 34-ші қадамы бойынша жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу қарастырылған. Әзірге, аталмыш жүйені тек мемлекеттік органдар ғана жүзеге асырып отыр. Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Тақиев 2020 жылдан бастап декларация қалай жүзеге асырылатыны туралы айтып берді.
  • ИНФОГРАФИКА: Қазақстанға 2017 жылы қанша турист келді? 18 Шілде 2018
  • Түркістанда туристік индустрияны дамыту басталып кетті 18 Шілде 2018 Түркістанды түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы және туризмі дамыған қалаға айналдыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Осыған орай облыс әкімі мен белгілі сәулетшілер мен тарихшылар, археологтар, суретшілер мен зиялы қауым өкілдері қатысып, ойларын ортаға салды.
  • Президент кәсіпкерлерді өңдеу саласына инвестиция құюға шақырды 17 Шілде 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Әрбір қазақстандық туған елін қорғауға дайын болуы керек – Г.Әбдіқалықова 17 Шілде 2018 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова төртінші «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Елбасы Павлодардағы бірқатар өнеркәсіп орындарын аралады 17 Шілде 2018 Қазақстан Президенті Павлодар облысына жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіп орындарын аралады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Елімізде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда 17 Шілде 2018 «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының 35 көрсеткішінің 2 көрсеткіші орындалмаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аталған бағдарламаның жарты жылдықтағы нәтижелері мен көрсеткіштеріне арналған Үкімет отырысында айтты. Бағдарламаның өзге көрсеткіштері туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Жекешелендіру: Жарты жылда 39 нысан сатылды 17 Шілде 2018 Іс жүзінде 89 объекті сауда-саттыққа шығарылды және 15 объекті бойынша қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылданды. Олардың ішінен 39-ы сатылды.Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Жекешелендіру барысы талқыланған Үкімет отырысында мәлімдеді.Елдегі жекешелендіру қалай жүзеге асып жатқаны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • ИНФОГРАФИКА: Денсаулық сақтау министрлігінің үш қызметі telegram-ботында іске қосылды 17 Шілде 2018
  • «Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы: Бағыттар бойынша жолбасшы әзірленеді 16 Шілде 2018 Осы жылдың 18 шілдесі мен 29 қыркүйегі аралығында 6 бағыт бойынша ең ірі «Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы өтеді. Экспедиция аясында Қазақстанның көрікті әрі тарихи жерлеріне саяхат жасалады.
  • Ішкі туризмнің дамуына не кедергі? 16 Шілде 2018 Жыл сайын дәл осы уақытта көтеріліп, кейін басылып қала беретін қазақстандық тақырып – туризм. Иә, дәл осы жаз мезгілінде ғана ойланып, осы кезде ғана керек. Өйткені, Үкімет тарапынан да қимыл осы кезде басталып, күзге қарай саябырсып, қыста ұмытылады. Көктемде әлгі ой қайта түлеп, жаз шыға «гүлдейді». Неге? Туризм Қазақстанға тек қана жазда керек пе? Өзге маусым қазақ туризміне қолайсыз ба? Тіпті, өзге үш маусымды былай қойып, жазғы демалыстың өзін қаншалықты ұйымдастыра алып жүрміз? Ой қозғап көрейік...
  • Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады 16 Шілде 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Туризм пайдалы деседі... 16 Шілде 2018 Жаһанда туризм деген табысты сала бар. Табиғаты әсем, өзгеге көрсететін дүниесі бар жұрттың бәрі қазір турист тартуға құмар. Өйткені, бұл саланың табысы мұнай мен газ сатудан түсетін пайдамен үзеңгі қағыстырып келе жатыр. Дәлірек айтқанда, жаһандық жалпы ішкі өнім көлемінің 10 пайыздан астамы, қызмет көрсетудің 30 пайызы, әлемдік капитал айналымының 7 пайызы туризм саласының үлесінде. Дүниедегі 7 млрд адамның 1 миллиарды жыл сайын басқа елдерге барып, қыдырып қайтады екен. Соңғы 30 жылда әлемдегі туристер саны 4 есе, туризмнен түсетін табыс көлемі 25 есеге өскен. Содан да болса керек Қазақстан да осынау табысты саладан үлес алып қалуға тырысып бағуда.
  • Халықаралық сәулетшілер конгресі: әлемдік сәулет өнерімен тәжірибе алмасу 16 Шілде 2018 Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өз жұмысын бастады. Аталмыш шара екі күнге созылады. Оның аясында шетелдік сәулет өнері өкілдерімен кәсіби тәжірибе алмасу, қазақстандық және шетелдік жетекші сәулетшілермен шығармашылық байланыс орнатылмақ. Шараның басты мақсаттарының бірі прогрессивті әлемдік тәжірибе мен білімді қабылдау қабілеттігін қалыптастыру арқылы заманауи отандық сәулет өнерін дамыту. Сондай-ақ, шара аясында бірқатар меморандумдарға да қол қойылды. Толығырақ, Strategy2050.kz АА дайындаған материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақ классикасының жауһары - «Біржан - Сара» операсы алғаш рет ашық аспан астында сахналанды 16 Шілде 2018 Бурабайдағы Абылай хан алаңында ашық аспан астында «Біржан – Сара» қазақ опера өнері классикасының қойылымы өтті. Жаңа музыкалық-сахналық редакциясындағы теңдесіз туындының қойылымы биыл көктемде «Астана Опера» сахнасында өткен болатын. Ұлы сазгер Мұқан Төлебаевтың атақты операсын тамашалауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Астананың 20 жылдығы: Танымал болатын картиналар қоры жинақталды 13 Шілде 2018 Бүгін «Стратегия» пікірталас клубының «Астана әлем назарында» тақырыбындағы отырысы өтеді. Ойжарысқа қатысқан «Наз» мемлекеттік би театрының директоры Сұлтан Срайыл Астананың 20 жылдығы аясында өткен мәдени шаралар туралы айтып берді.
  • «Стратегия» пікірталас клубы 13 Шілде 2018 Бүгін «Стратегия» пікірталас клубының «Астана әлем назарында» тақырыбындағы отырысы өтеді.
  • Б. Сағынтаев Ақтөбе облысында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты 13 Шілде 2018 Елбасы тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Премьер-Министр жұмыс сапары аясында индустриялық нысандарды аралап, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен танысты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Ғылыми жаңалықты құқықтық қорғау: халықаралық тәжірибе және Қазақстан 13 Шілде 2018 Ғылыми жаңалықтарды құру және қолдану, олардың авторы мен жаңалықтар жасалатын ұйымдардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бойынша қатынастарды реттеудің тиімді механизмдерін іздеу жарты ғасырға жалғасып келеді. Бұл өте ұзақмерзімді үрдіс. Зияткерлік меншік құқығы жаңа экономикалық парадигма жағдайында ұлттық деңгейдегі дамудың маңызды аспектісі ғана емес, АҚШ пен ҚХР сынды алпауыттардың сауда текетіресіне де себеп болып отыр. Қазірге дейін бірқатар жаһандық және ұлттық масштабтағы құжаттар қабылданды. Олардың бірқатары: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Конвенциясы, 1952 жылғы 6 қыркүйектегі Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенция, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж келісімі, Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы (1886 ж.), Еуропалық патент конвенциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР «Авторлық және сабақтас құқық туралы» Заңы, ҚР «Қазақстан Республикасының патент заңы», ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы және т.б. Осы уақыт аралығында әртүрлі жобалар ұсынылды, жаңалықтарды тіркеудің жүйелері енгізілді және қайта жабылды, бірақ мәселе әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.
  • Маңғыстау облысы Қазақстандағы ең алғашқы «ақылды үйге» қосылды 12 Шілде 2018 Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов пен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Маңғыстау облысында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Жол картасына» қол қойды. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ тұрғын үйлердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге арналған инновациялық өнім – «Ақылды үйді» ұсынды.
  • Нұрсұлтан Назарбаевқа өмір бойы Қауіпсіздік Кеңесін басқару құқығы берілді 12 Шілде 2018 «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» заңы күшіне енді. Аталмыш заңның мәтіні «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарияланды.
  • ИНФОГРАФИКА: Венчурлық қаржыландыру 12 Шілде 2018
  • Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді 12 Шілде 2018 Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесе Халықаралық сәулетшілер конгресінің ашылу рәсімін өткізеді, оның жұмысы 2018 жылғы 18 шілдеге дейін созылады деп күтілуде.
  • Қазақстан мен Өзбекстан: өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңі 12 Шілде 2018 2018 жылдың 15 наурызында Қазақстандағы Өзбекстан жылының ресми ашылу рәсімі өткен болатын. Осы оқиға – қазақ-өзбек қатынастары жаңа белесінің бастауы деуге де болады, себебі бұл екі ел арасындағы достық пен татулықтың дамуының көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар бүкіл өңірдің экономикалық және саяси серіктестігін нығайтуға зор үлес қосатын айтулы үдерістің бастамасы.Одан бұрын, 2017 жылдың наурызында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзеев Астанаға ресми сапармен келсе, қыркүйек айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Ташкентке барып қайтқан болатын. Оған қоса қос астанада бизнес ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бизнес-форумдар өткізілді. Бұл шаралардың басты мақсаты – екі елдің экспорттық, инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы экономикалық әріптестікті күшейту.
  • Туристерді бәсекеге қабілетті баға болғанда ғана тарта аламыз 12 Шілде 2018
  • Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайдың туристік нысандарын аралады 11 Шілде 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына сапары аясында «Визит-Центр» орталығына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • 2017 жылы Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 3,2 млрд долларды құрады 11 Шілде 2018 Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Швейцарияның федералдық кеңесшісі және экономика, білім беру және зерттеулер федералды департаментінің басшысы Йоханн Шнайдер-Амманмен кездесу өткізді.
  • Әлем елдері Астанның 20 жылдығын қалай атап өтті 11 Шілде 2018 Астананың 20 жылдығы Қазақстанның барлық өңірінде ғана емес, шетелдік елдерде де мерекеленді. Мәселен, Қазақстанның Ауғанстандағы Елшілігі Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай ресми қабылдау ұйымдастырды. Ал, Минскіде Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті. Парижде сурет салудан балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстан халықаралық күн тәртібіне стандарттаудың өзекті мәселелерін енгізу бойынша жұмыс істейді 11 Шілде 2018 Қазақстан Үкіметі стандарттауға көп көңіл бөлетіні анық. Стандарттау туралы жаңа заң жобасы аясында ұлттық стандарттау жүйесін жетілдіру, оның ішінде ұлттық стандарттардың мәртебесін көтеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін Астанада шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Мемлекеттік саясатты қолдауға бағытталған стандарттар» аймақтық семинары өтті. Мемлекеттік саясатты қалай стандарттау керек, бұл туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Жұмыспен қамтудың жарты жылдық жоспары 101 пайызға орындалды – министр 10 Шілде 2018 Жұмыспен қамтудың жарты жылдық жоспары 101 пайызға орындалды. Бұл туралы 2018 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша өткен Үкімет отырысында мәлім болды.
  • 6 айдың қорытындысы: Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қалай жүзеге асырылуда 10 Шілде 2018 Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,2% -ға өскен. Бұл туралы 2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы талқыланған Үкімет отырысында талқыланды. Жарты жылда елде әлеуметтік-экономикалық салада қандай нәтижеге қол жеткізілді? Келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстан қалаларында алғашқы «жасыл» жобалар жүзеге асырылады 10 Шілде 2018 Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасындағы Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қаржылай қолдауымен энергия үнемдеу мәселелерімен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы бұған дейін жасалған Келісім шеңберінде баспасөз мәжілісі өтті.
  • «Астана» - мазмұны терең, мағынасы кең ұғым 10 Шілде 2018 Қазақ елінің астанасын Ақмолаға ауыстырып, кейін «Астана» атауын беру – Тәуелсіздіктің жемісі. Алматы ежелгі «Жібек жолы» бойындағы сауда-экономикалық, тарихи-мәдени орталық ретінде өзінің лайықты бағасын әлдеқашан алып қойды. Ал, егемендігін енді жариялаған мемлекетке шекарасын шегендеп, рәміздерін бекітіп, дипломатиясын орнатудан бөлек, жаһанға жар салып көрсететін заманауи бәсекеге қабілетті, қауіпсіз және креативті астана қажет болды.
  • Парламентшілер ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысып жатыр 09 Шілде 2018 Қазақстан Парламентінің делегациясы 7-11 шілде аралығында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Берлиндегі жыл сайынғы 27-ші сессиясына қатысып жатыр. Қазақстандық делегация құрамына Сенат депутаттары Төлеубек Мұқашев, Дулат Құсдәулетов, Михаил Бортник, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Светлана Бычкова мен Құралай Қаракен енген болатын. Сенаторлардың атқарып жатқан өзге жұмыстары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Азияның медиа диалогы: Халықаралық медиа әлемнің салалық шаралары Астанада 09 Шілде 2018 Астананың мерейтойына арналған «Азияның медиа диалогы» халықаралық медиа әлемінің салалық шаралары өтеді. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев аталмыш Азия-Тынық мұхиты елдерінің ұлттық және аймақтық хабар тарату бірлестіктерінің 100 аса өкілі қатысатынын айтты. Тұңғыш рет өткізілгелі отырған шара туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстан өңірлері Астананың 20 жылдығын қалай мерекеледі 09 Шілде 2018 Биыл еліміздің бас қаласы- Астананың 20 жылдығы. 6-шілде күні елорда 20 жасқа толғанын тойлап өтті. Бұл айтулы мерекені тек бас қала ғана емес, еліміздің өңірлері де белсенді түрде атап өтті. Астанаға тарту жасағандары да аз емес. Ел өңірлерінде Астананың 20 жылдығына орайластырған шаралар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Елбасы Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты 06 Шілде 2018 Қазақстан Президенті Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Елбасы Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті 06 Шілде 2018 Елбасы Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • АҚШ Президенті Астананы 20 жылдығымен құттықтады 06 Шілде 2018 Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамптан Астананың 20 жылдығына және туған күніне орай құттықтау хат келіп түсті,, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Орталық Азия басшыларына АХҚО таныстырылды 06 Шілде 2018 Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерінің басшыларымен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығын таныстыру рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Астананы ауыстыру – геостратегиялық шешім - Ә.Ахметов 06 Шілде 2018 Астананы ауыстыру – геостратегиялық шешім. Бұл пікірді «Стратегия» пікірталас клубы алаңында Ғалым, мемлекет қайраткері, академик Әділ Ахметов білдірді.
  • Әлем фотографтары Астанаға жиналды 05 Шілде 2018 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Астананың 20 жылдық мерейтойына орай, Елордада екінші мәрте «PHOTOfest.KZ» халықаралық фотофестивалін ұйымдастырып отыр. Оған шетелдік және отандық 17 кәсіби фотограф қатысады.
  • Астанада «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылды 05 Шілде 2018 Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Ұлттық нейрохирургия орталығы денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жетекші мекемелердің бірі – Мемлекеттік хатшы 05 Шілде 2018 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық нейрохирургиялық форумға қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстан елшілері әлем елдерімен ынтымақтастықты нығайтуда 05 Шілде 2018 Қазақстанның елшілері Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Айгүл Құспан Бельгия Королі Филиппке сенім грамоталарын табыс етсе, Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилиге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл марапат елдер арасындағы ынтымақтастық пен сенімді арттыра түсетіні анық.
  • Н.Назарбаев пен Абу-Дабидің тақ мұрагері елдер арасындағы ынтымақтастықты талқылады 05 Шілде 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • «Қазақстан, Тәуелсіздік, Астана» деген түсініктер біздің мемлекеттігімізбен, болашағымызбен біртұтас ұғымға айналды 04 Шілде 2018
  • Елбасы Астананың 20 жылдығын мерекелеуді ресми түрде ашық деп жариялады 04 Шілде 2018 Қазақстан Президенті Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Елбасының туған күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтаулар келіп түсті 04 Шілде 2018 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай шетел мемлекеттері басшыларының құттықтаулары келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • АХҚО жаңа буынның қаржы орталығы ретінде құрылуда – Б.Сағынтаев 04 Шілде 2018 АХҚО жаңа буынның қаржы орталығы ретінде құрылуда. Бұл туралы «AstanaFinanceDay» форумының пленарлық сессиясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Күні ертең ерекше оқиға - болашақ қаржы нарықтарына серпін беруге бағытталған, тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі ұлттық мегажоба - Астана халықаралық қаржы орталығының ресми тұсаукесері өтеді.
  • Astana Finance Days: Қаржы саласының басты шарасында жүзеге асқан келісімдер 04 Шілде 2018 Қаржы саласының биылғы жаздағы басты оқиғасы - Astana Finance Days-2018 іс-шарасы аясында бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойылды. «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанаты ертең өтеді. Ал қаржы күндері аясында түзілген меморандумдар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Global Silk Road: Жібек жолы елдері қалалары мэрлерінің форумы қалай өтті 04 Шілде 2018 Астанада Global Silk Road Жібек жолы елдері қаласының мэрлері форумы өтті. Іс-шараға 60 елден 3000 астам қатысушы тіркелді, оның 73-і Жібек жолы қаласының мэрлері, 30 саяси лидер, 200 ірі сауда-өнеркәсіп палатасы мен әлемнің трансұлттық компаниясы, 150-ден астам спикер мен модераторлар қатысты. Екі күнге созылған форум аясында бірқатар келісімдер жүзеге асырылды.
  • Қазақстан — бизнес үшін қолайлы ел – Б. Сағынтаев 03 Шілде 2018 Қазақстан — бизнес үшін қолайлы ел. Инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлармен ашық диалог орнату, инвестициялар тарту үшін инфрақұрылымды жетілдіру — бұл Үкімет жұмысының стратегиялық бағыты және елімізде жүргізіліп жатқан жаңғырту бағытының табыстылығының маңызды шарттарының бірі екенін баса айтқым келеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Global Investment Roundtable екінші халықаралық инвестициялық форумында мәлімдеді.
  • Цифрлық Қазақстан: қаржы саласын цифрландыру қандай деңгейде 03 Шілде 2018 Үкімет отырысында қаржы секторын цифрландыру мәселесі талқыланды. Мәселен, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қаржы секторын цифрландыру бойынша Қаржы министрлігі 2017 жылы 18 млн қызметтің 16 млн-нын электронды түрде көрсеткенін айтты. Қаржы саласын цифрландыру қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Үкімет отырысы: «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда 03 Шілде 2018 Еліміздің сынақтардан сүрінбей өтуі, дамудың даңғыл жолына түсуі мұның бәрі еліміздің бас ордасымен байланысты. Ел бола аламыз ба, әлде, заманның алапат желіне ұшып-жоғаламыз ба деген тағдырлы сәтте халықты биік мақсатқа жұмылдырып, болашаққа бастаған Астана жаңғырған жаңа Қазақстанның жарқын символы. Осылайша, Үкіметтің кезекті отырысын Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Астананың 20 жылдығымен құттықтаудан бастады. Жиында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу және өзектілендіру барысы талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Астана – жетістіктер қаласы: Бас қалада бағы жанған тұлғалар 02 Шілде 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысында партияны жаңғырту бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Соның аясында құрылған Nur Otan Talks алаңында бүгін «Астана: асқақ арман» іс-шарасы өтті. Аталмыш шара екінші мәрте өткізіліп отыр. Қатысушылар Астанадағы жеңісті, жемісті күндерімен бөлісті. Елордадағы тағдыршешті шешімдердің олардың өміріне қалай әсер еткені туралы сыр шертті. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Нұрсұлтан Назарбаев жаңа нысандарды аралады 02 Шілде 2018 Мемлекет басшысы жаңадан ашылған «Almaty balabaqshasy» балабақшасына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Елбасы зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрді 02 Шілде 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • ИНФОГРАФИКА: Денсаулық сақтау саласының дамуы 02 Шілде 2018
  • Елбасы Астанадағы жаңа нысандарды аралады 01 Шілде 2018 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы Достық үйіне, «Жетісу» саябағына және Есіл өзені арқылы өтетін велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы – Н.Назарбаев 01 Шілде 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күніне арналған концертке барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Яндекс.Метрика