Сандар сөйлейді: Халық саны

18 Маусым, 2014 14:31
Тәуелсіздік жылдары халық саны 16,451 млн-нан 17,244 млн-ға артты.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 1991 жылдың соңында елімізде 16,451 млн халық болса, 2014 жылдың 1 мамырында бұл көрсеткіш 17,244 млн адамды құраған.

Экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың саны 7,716 млн адамды құраса, бүгінде олардың саны 8,8 млн-ға жетеді.

1993 жылғы номиналды орташа айлық жалақы 128 теңге, 1999 жылы 11 864 теңге, ал 2014 жылдың сәуір айында 116 927 теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, тегін медициналық және орта біліммен қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда Қазақстанда «Саламатты Қазақстан», білім беруді дамыту бағдарламасы, «Балапан», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Қолжетімді баспана-2020» мен өзге де мемлекеттік бағдарламалар орындалуда. Олардың барлығы халықтың игілігі үшін қолға алынған.  

Барлық жаңалықтар