Жаңа астананың салынуы – Қазақстанның жетістігі

18 Маусым, 2014 12:33
Тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктері бүгінде Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жетелейтін факторлардың бірі болып табылады. Мысалға, 1997 жылғы ел астанасын Алматыдан Астанаға көшіру Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи қадамдарының бірі.

Елорданы көшіруде Елбасы бірнеше факторларды ескере отырып шешім қабылдады. Соның ішінде Ақмоланың географиялық орналасуы, көлік және телекоммуникациялық байланыстарды құруға ыңғайлылығы, елорданы дамытуда бос жатқан жер телімдерінің молдығы. Осылайша 319 мың халқы бар шағын қала ел астанасы аталып шыға келді.

Тез арада Астананың құрылысы қарқынды қолға алына бастады. Жергілікті халық күн санап бой көтерген жаңа ғимараттың сәулетіне көз тоймай тамашалаумен болды.

Қазіргі таңда Астана халықаралық деңгейдегі ірі шаһарлардан артық болмаса кем емес. Елордамызда бүгінде айтулы жаһандық құжаттарға қол қойылып, адамзат баласының тізе қосып мәмілеге келетін ордасына айналды. Ірі халықаралық компаниялар қаламызда өздерінің бөлімшелерін ашып, ел экономикасына айтарлықтай пайда келтіруде. 

Барлық жаңалықтар