- Басты
- Жаңалықтар
- Қазғарыштың мамандары ғарыш технологиялары саласындағы жаңа әзірлеменің авторлары болды
Қазғарыштың мамандары ғарыш технологиялары саласындағы жаңа әзірлеменің авторлары болды
Құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес, олар жылжымалы объектілерді мониторингілеу мен диспечерлендіру жүйесіне (бұдан әрі – ЖОМДЖ) – ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға авторлық құқық алды, деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.
«Жүйе ГЛОНАСС/GPS спутниктік навигация құралдарын қолдана отырып, көлік құралдарын мониторингілеуге және диспечерлендіруге арналған қызметтерді ұсынуға пайдаланылатын болады», - деді Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин.
Атап айтқанда, ЖОМДЖ-ның көмегімен жылжымалы объектілерге онлайн-мониторинг жүргізуге, объектілерді мақсатты пайдалануға бақылау жасауға, отынның шығынын есепке алуға, өткен кезеңге аналитикалық ақпарат алуға болады және т.б.
Компьютерлік инжиниринг орталығының мамандары, әзірлеме авторы Батырұлан Аймышев ЖОМДЖ-ның негізгі ерекшеліктері бағдарламалық қамтамасыз етудің қазіргі заманғы соңғы технологиясы қолданылған және ол есеп берудің бірегей аналитикалық жүйесі болып табылады деп санайды.
Жақын арада Қазақстанның салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығында орналасқан Дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесi орталығының инженерлері спутниктік навигация саласындағы өзінің әзірлемелерін пайдалана алады және ЖОМДЖ-ны пайдалану қызметтерін ұсына алады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер