Астанада 5 жыл ішінде бюджет түсімі 2 есеге артты

18 Маусым, 2014 12:17
Астанада соңғы 5 жыл ішінде бюджетке түсім 2 есеге артты.

Бұған қоса, мемлекеттік бюджетке түсімдер жылына орта есеппен 20%-ға тұрақты түрде ұлғайып келеді. Бес жылда түсімдер 2 есеге артты және 2013 жылы 610 млрд. теңгеден астамды құрады.

Келер жылдан бастап республикалық бюджетке 7,5 млрд. теңге, 2016 жылы - 17,3 млрд. теңге көлемінде қаржы алынады. Яғни, Астана республикалық бюджет «донорларының» төртеуінің құрамына енеді.

Бүгінде  республика халқының 4%  тұратын Астанада ішкі жалпы өнімнің  9,4 % өндірілсе, мемлекеттік бюджет түсімінің 12%,  еліміздің негізгі капиталына инвестицияның 9% қамтамасыз етеді.

Барлық жаңалықтар