Елорданың экономикалық негізін ШОБ секторы құрайды

18 Маусым, 2014 11:06
Елорданың экономикалық негізін шағын және орта бизнестің секторы құрайды.

Бүгінде  республика халқының 4%  тұратын Астанада ішкі жалпы өнімнің  9,4 % өндірілсе, мемлекеттік бюджет түсімінің 12%,  еліміздің негізгі капиталына инвестицияның 9% қамтамасыз етеді. Осы ретте 2013 жылы қалада ЖӨӨ көлемі 2,7 трлн. теңгені құрады. Осылайша ЖӨӨ жан басына шаққанда 23 мың долларға жетті.

Қазіргі уақытта жалпы өңірлік өнімнің 60%  жуығын құрайтын шағын және орта бизнес секторы елорданың экономикалық негізін құрап отыр. Жалпы алғанда қызмет көрсету саласында 316 мың адам немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 77% жуығы жұмыс істейді. Жыл сайын 70% астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Барлық жаңалықтар