- Басты
- Жаңалықтар
- Сочи Астана және Алматымен тікелей әуе байланысын құруға мүдделі
Сочи Астана және Алматымен тікелей әуе байланысын құруға мүдделі
Саммит аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Әсет Мұсаалиев Краснодар өңірінің демалыс орны және туризм министрі Евгений Кудельмен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар туризм саласындағы екі жақты пайдалы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті. Ресей Федерациясының аумағындағы Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Сочиде Қазақстан Республикасының туристік-ақпараттық орталығын ашу мүмкіндіктері айтылды.
Ресей тарабы Астана-Сочи (Краснодар, Анала, Геленджик); Алматы-Сочи (Краснодар, Анала, Геленджик) бағыттары бойынша тікелей әуе байланысын құруға қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, қос тарап бірлесе отырып семинарлар, көрмелер, ақпараттық турлар ұйымдастыратын болып келісті. Аталмыш шаралар демалыс орындарында, балалар және жағажай орындарында сауықтыру мүмкіндіктерін арттырып, белсенді және оқиғалы туризмнің артықшылығын көрсетпек.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы