- Басты
- Жаңалықтар
- ҮИИД бағдарламасы бойынша Ақмола облысында 2 жоба жүзеге асырылды
ҮИИД бағдарламасы бойынша Ақмола облысында 2 жоба жүзеге асырылды
Қазіргі таңда Индустрияландыру картасы аясында Егіндікөл ауданында 1017,3 млн теңгенің 2 жобасы іске асырылды. Соның арқасында 33 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«20 мың тонналық қамба құрылысы» жобасын «Бауманское-07» ЖШС қолға алған. Жобаның құны 608,3 млн теңге. «Бауманское-07» ЖШС қамбаға 60 мың тонналық қуаттылыққа ие ғимаратпен бірге жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Екінші жоба «2000 бас ірі қара шаруашылығын құру, соның ішінде 500 аналық мал басын өсіру» «Армавирский» ЖШС тарапынан іске асырылды. Шаруашылық Егіндікөл ауданының Спиридоновка ауылында. Оның құны 409 млн теңге, соның 326 млн теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан алынған қарыз қаражат.
Айта кету керек, Егіндікөл ауданында индустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асыру аясында ауыл шаурашылығы мен оның өңімдерін өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі, соның ішінде әйнек, плита, кірпіш пен өзге де заттарға басымдылық берілген.
Сонымен қатар, ауданда жел және күн қуаты негізіндегі автономды энергетикалық кешен құрылысына да ерекше көңіл бөлуде.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері