Г. Төлебаева: Астана – жоғары бәсекеге қабілетті шаһар

18 Маусым, 2014 09:48
Бүгінгі күні Астана аса қарқынды, перспективалы дамып келе жатқан әлем қалаларының бірі болып табылады. Сонымен қатар Астана – жоғары бәсекеге қабiлеттi, Қазақстан мен Орталық Азия қалаларының арасында көшбасшы, тұрғындар, инвесторлар, iскер адамдар, қонақтар үшiн ерекше тартымдылыққа ие қала, деді Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева.

«Астананың келбеті серпінді дамып,   мәдениеттің, бiлiм берудiң әлемдiк деңгейiне,  ерекше сәулеттік келбетке  ұмтылыс жасап келе жатқан әлеуеті тағы бар. Астананың дамуы - мемлекетіміздің ұзақ мерзімді басымды стратегиялық бағыттарының бірі. Қала  халқының  жоғары өмiр сүру деңгейiн қамтамасыз етудi, тартымды да үйлесiмдi қоғам құруды - Астана өзiнiң алдына мақсат етiп қойып отыр», - деді ол,

Оның айтуынша, Қазақстан астанасының өмiр деңгейi тек осы қаланың ғана емес, сондай-ақ бүкiл елдiң айрықша белгiсi болып табылады. Астананың Алматыдан Астанаға ауысқан 16 жыл ішінде  кішкентай қаладан дамушы мегаполиске айналды.

«Елімізді даму жолында Астананың ролі айрықша, ол - қарқынды дамудың белгісі, жаңарудың бейнесі, зор мүмкіндіктердің мекені, халықаралық маңызды бастамалардың жүзеге асқан жері, экономикалық және саяси құрылымдар орталығы», - деді ол.

Астананың әрбір жастың  еліміздің дамуына өз үлесін қосатын, өмірден өз орнын табатын адам болуына, қандай сала болмасын өз потенциалын дамытуына, үміттері мен армандарының жүзеге асыруына бар мүмкіндіктер жасауға болашағы мен әлеуеті зор, деді ол.

«Әлемдік аренада әлемнің дамыған 30 астанасының қатарына ену міндетін қойған бас қала қазірдің өзіндеХХІ ғасырдың озық мегаполисі ретінде Вашингтон, Сан-Паулу, Оттава сияқты қалаларымен иық тірестіріп келеді», - деді ол.  

Ол атап өткендей, «16-ақ жастағы Астана бұл қарқынымен әлемдік даму көшінен көрінері әбден анық.16 жылда халық саны 2,5 есеге артып, инвестициялық тартымдылығы 30 есеге өс¬кен алып қаланың келешегі кемел екенін қазір шетелдіктердің өзі мойындап отыр.Қысқа мерзімде осыншалық өзгерістерді жер шарының бірде бір мегаполисі көрген емес».

«Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразия жүрегінде» атты  кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазады. Сымбаты мен сәулеті ерекшеАстананың дамуы да қазақ елінің  әлемдік деңгейге көтерілгендігінің бір айғағыдеп бағалануы керек», - деді Г. Төлебаева. 

Барлық жаңалықтар