• Басты
  • Мемлекеттік хатшының қатысуымен ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі өтті

Мемлекеттік хатшының қатысуымен ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі өтті

17 Маусым, 2014 18:37
«Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы контекстінде мемлекеттік органдардың және ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің ғылыми-сарапшылық жұмысының жаңа міндеттері» атты Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігінің Басшылығы, ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктер мен ведомстволар өкілдері, өңірлік ғылыми-сарапшылық топтардың басшылары, ғылым және шығармашылық интеллигенциясы, БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы Ә.Жақсыбеков «Қазақстан-2050» Стратегиясы, ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы және Президент Н.Ә.Назарбаевтың ҚХА-ның ХХI сессиясында берген тапсырмалары аясындағы мемлекеттік этносаясатты ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу жұмысының негізгі міндеттері мен бағыттарын айқындады.

Отырыс барысында ҚХА қызметін ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу, ел бірлігі мен қоғамдық келісім саласында және Қазақстандағы этносаралық ахуалдың қазіргі жағдайына ғылыми зерттеулер жүргізу, этносаралық қатынастар саласындағы ғылыми саясатты әзірлеу үшін университет аралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды; ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмысы туралы есебі және басқа ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Ғылыми-сарапшылық кеңестің жұмысы бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.

Барлық жаңалықтар