• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әділет министрлігі: Қазақстан зияткерлік меншікті қорғау көрсеткіші бойынша 19 сатыға көтерілді

Әділет министрлігі: Қазақстан зияткерлік меншікті қорғау көрсеткіші бойынша 19 сатыға көтерілді

17 Маусым, 2014 17:11
Қазақстан «Институттар» факторы шеңберіндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» көрсеткіші бойынша 2013 жылы 19 орын алға жылжып, 73-інші орыннан көрінді. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Әділет министрі Берік Имашев мәлімдеді.

«Қазақстан «Институттар» факторы шеңберіндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» көрсеткіші бойынша 2013 жылы 19 орын алға жылжып, 73-інші орыннан көрінді», - дейді министр.

Сонымен қатар, Б.Имашевтың айтуынша, зияткерлік меншікті қорғау мәселесі тек әділет органдарының тарапынан ғана емес, сонымен қатар өзге де құзіретті органдар тарапынан да шешілуі тиіс.

«Меншік иелерінің өздерінің құқығын талап етіп сотқа жүгінулері сирек кездеседі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, меншік иелерінің өздері бұл саладағы нәтижелі іске түрткі болмақ», - дейді Берік Имашев.

Айта кету керек, Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының негізгі 19 конвенциясы мен келісімінің қатысушысы болып табылады. 

Индира Кауметова 

Барлық жаңалықтар