Қазақстанда халықаралық бағытта 9 рейс ашу жоспарлануда – ККМ

17 Маусым, 2014 17:07
Биыл елiмiзде халықаралық бағытта 9 рейс ашылмақ. Ендi қазақстандықтар тiкелей Банкогке, Прагаға және Ресейдiң бiрқатар қалаларына ұша алады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингi барысында ҚР Көлiк және коммуникация министрiнің орынбасары Азат Бектұров мәлiмдедi.

«Көлiк және коммуникация министрлігi биыл халықаралық бағытта 9 рейс ашуды көздеп отыр. «Эйр Астана» әуе компаниясы Астанадан Банкогке және Прагаға қатынайды. «Скат» әуе компаниясы Ақтаудан Сочи мен Волгоградка, Астанадан Челябинскiге, Томскiге, Өскеменнен Новосiбiрге ұшады», - дедi А.Бектұров. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, «Bek Air» компаниясы Оралдан Мәскеуге, Санкт-Петербургке қатынайды.

«Елiмiздiң транзиттiк әлеуетiн дамыту мақсатында ұшу географиясын кеңейту жұмыстары үнемi жалғасын тауып отырады», - деп түйіндеді вице-министр.

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар