• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Көшербаев: ЕАЭО шарты бойынша Қызылорда облысының технологиясын жаңарту қажет

Қ.Көшербаев: ЕАЭО шарты бойынша Қызылорда облысының технологиясын жаңарту қажет

17 Маусым, 2014 17:10
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Еуразиялық экономикалық одақты құру мен өзгерістерді ескере отырып өңірдің экономикалық даму болашағына сараптама жасады.

«Бүгінде біздің мемлекеттер қиын сәттерді артқа тастап, ендігі кезекте бірігіп, көптеген мәселелерді бірлесе шешулері қажет. Соның басында өнеркәсіпті жаңғырту мен технологиялық ілгерілеу болуы керек», - деді облыс әкімі.

Облыс әкімі өңірде ашылғалы отырған жаңа өндірістер туралы да айта кетті.

«Алдағы уақытта өңірдің өміріне елеулі өзгерістер әкелетін маңызды үш жоба іске қосылатын болады. Атап айтар болсақ, олар әйнек, құбыр  мен цемент  зауытының құрылысы. Болашақта машина жасау  зауыты да салынбақ.  Осы орайда әлемдік жаһандық экономикада тұрақты өз орнымызды сақтап қала алуымыз қажет. Ал мұны өңірлік интегарция арқылы орындау жеңілірек болады», - дейді өңір басшысы. 

Барлық жаңалықтар