Мемлекеттік бюджет 5 айда 50 млрд. теңгеге толықты - Б.Сұлтанов

17 Маусым, 2014 16:38
Бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің 2014 жылдың 5 айда молшылығы 50 млрд. теңгені құрады, деп мәлімдеді.

«2014 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ҚР мемлекеттік бюджетінің молшылығы 50 млрд. теңгені құрады. Түсім көлемі жоспарды 104,5%-ға орындаса, шығыс  92% көрсетті», - деді Б. Сұлтанов.

Жалпы, Қаржы министрінің айтуынша, ағымдағы жылдың 5 айында мемлекеттік бюджеттің шығыны 3040 млрд. теңгеге немесе 19%-ға жоғары.  Республикалық бюджеттің шығын көлемі 2702 млрд. теңгені құрады. Республикалық бюджет шығынын орындау 94% көрсетті. Ал, 172 млрд. теңге игерілмей қалды. Бұл 2013 жылдың алғашқы 5 айымен салыстырғанда 25 млрд теңгеге аз.

Жергілікті бюджеттердің шығыны 2014 жылдың 5 айында 1302 млрд. теңгені немесе жоспардың 93,2% орындады. Ал, игерілмеген қаржы 95 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7 млрд. теңгеге төмен.

Мадина Нұрбекова

 

Барлық жаңалықтар