Е. Досаев экономика саласындағы өсудің индикаторлары туралы айтып берді

17 Маусым, 2014 16:26
Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев экономика салалары өсуінің қол жеткізілген нысаналы индикаторлары туралы айтып берді.

«Тауарлар өндірісінің нақты көлем индексі 100,8% деңгейінде қалыптасып, жоспарланған деңгейден 2,0 пайыздық тармаққа төмен болды. Қызметтер көрсетудің нақты көлем индексі 104,8%-ды құрады және жоспарланған деңгейден 3,7 пайыздық тармаққа теріс ауытқу болды. Осылайша, тауарлар өндірісінің ЖІӨ өсіміндегі үлесі 0,3 пайыздық тармақты, қызметтер көрсету – 2,5 пайыздық тармақты, салықтар - 1,2 пайыздық тармақты құрады», - деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, жалпы алғанда тауарлар өндірісі бойынша қол жеткізілмеу Қашағанда мұнайды өнеркәсіптік өндіруді іске асырудың кейінге қалтырылуымен, отандық химия өнімдерінің сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуімен, Жезқазған мыс балқыту зауытының реконструкцияға тоқтауымен, сондай-ақ металдардың бірқатар тауарлық топтарына сыртқы баға коньюктурасының жағымсыз болуымен байланысты.

Қызмет көрсетудегі көптеген сервистік компаниялар өнеркәсіптік салалардағы жүйе құраушы кәсіпорындармен тығыз байланысты және оларға тәуелді болғандықтан өсуге қол жеткізбеу өнеркәсіптегі төмен өсу қарқындарымен байланысты, деді ол.

«Мұанайды қайта өңдеудің өсуі 100,4%-ды құрады, нысаналы индикаторы 102,5% болатын.Химия өнеркәсібіндегі өндірістің нақты көлем индексі 89,5% деңгейінде қалыптасты, нысаналы индикатор 105,0% деңгейінде жоспарланған. Бұл Еуроодақ Қазақстаннан экспортталатын өнімдерге баж салығын орта есеппен 5,0%-ға ұлғайтқандықтан, Еуроодақ елдерінің нарықтарында бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуімен байланысты.Металургияда нақты көлем индексі 95,0%-ды құрады, жоспарланған кезде 102,6% болатын. Қара металургияда 112,7% деңгейінде өндірістің айтарлықтай өсуі байқалып отыр нысаналы индикаторы 104,9% болатын. Сонымен қатар түсті металургияда 85,1%-ға дейін өндірістің қысқаруы байқалып отыр, жоспарланған индикатор 104,0% болатын. Бұл Жезқазған мыс балқыту зауытының реконструкцияға тоқтауына байланысты болды»,- деді ол.

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар