Ақмола облысында сүт өнімдерін шығаратын инвестжоба іске қосылды

17 Маусым, 2014 17:23
Ақмола облысының Ақкөл ауданында сүт және сүт өнімдерін шығаратын «EcoMilk» ЖШС инвестициялық жобасы іске қосылды.

Инвестжобаға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы  368 млн теңгеге қолдау көрсетеді. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы тәулігіне -100 тонна. Зауыттың ашылуы 77 жұмыс орнын ұсынды. Нысанның құны – 740 млн теңге, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда кәсіпорын  фермерлік қожалықтардан сүт қабылдауды бастады. Оның құрамына: сүт, айран, қаймақ кіреді. 

Барлық жаңалықтар